Картоп бастырмасы

Скачать

Білім саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған іс әрекеті Сурет іс - әрекеті
Тақырыбы: Су асты әлемі Аквариумдегі балықтар
Мақсаты: Бейнелеу құралдарына, бейнелеуші затқа деген қызығушылығын арттыру, су асты тіршілік иелеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.. Картоп бастырмасы арқылы сурет салып үйрену. Балалар арасындағы коммуникативтік қарым - қатынасты дамыту. Қолдың ұсақ маторикасын дамыту. Сөздік қорын дамыту диалогті сөйлеуге үйрету.
Көрнекті құралдар:. Үлгі Түрлі - түсті су бояу губкалар.. Картоп бастырмасы. Шүберек аквариум суреті.. Үлгі.
Әдіс тәсілдер: д о д о Балықтың қандай дене мүшесі жетіспейді? Жұмбақ: Қанаты бар ұшпайды, су астында қыстайды. Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап,
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық ынталандырушылық д о Балықтың қандай дене мүшесі жетіспейді?
Мақсаты: Балалардың көріп қабылдау қабілетін арттыру. Зейінін тұрақтау, тілін, ақыл - ойын дамыту..
Тыныс алу жаттығулары. Балалар педагогтың сұрағына жауап береді Дене мүшесін ажырату арқылы қандай бөліктің жетіспейтінін табады.
Ұйымдастырушылық ізденушілік

- Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?
- Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
- Ағаштар бүршік жарады.
- Балалар мынаған қараңдаршы, бұл не?
- Оның ішінде нелер жүзіп жүр?
- Оларға не береміз?
- Қандай түсті балықтар жүзіп жүр?
- Балықтың қандай дене мүшелері бар?

- Сендер қандай балықтың түрлерін білесіңдер?
- Біздің Жайық өзенінде: жайын, көксерке, шортан, табан балықтар бар.

Саусақ жаттығулары.
Балықтар суда жүзеді
Қос қолдың алақаны мен саусақтарын бір - біріне түйістіру. Суда жүзген балық қимылын жасау.

Бүгін балалар, біз түсті балықтардың суретін саламыз. Ол үшін мына балықтардың суретін қарап, шығайық, Балықтың қандай дене мүшелері бар?.
- Басы, денесі қандай пішінді?
- Аяқтары бар ма?
Басында қандай дене мүшелері бар?

Денесінде несі бар?
- Педагогтың жұмыс тәсілін көрсетуі.

Дайын аквариум суретіне картопты губкадағы бояуға бастыру арқылы балық бейнесін салады. Екінші және үшінші түске басқа картоп бастырмасын алып бастырады.

Балалардың жеке жұмысы:
Әр балаға жекелей көмек көрсете отырып, балық суретін бастырып шығады. Ұсақ бөліктерін балалар қыл қаламның екінші жағын бояуға бастыра отырып толықтырады.
Сергіту сәті.
Су асты тіршілік иелері биі
- Қазір көктем мезгіл?
- Күн жылиды. Жаңбыр жауады.
- ағаштар бүршік жарады.
- аквариум
- Балықтар жүзіп жүр.
- жем береміз.
- Қызыл, сары, қара.
- денесі. Басы, құйрығы, қанаттары.
жайын, көксерке, шортан, табан балықтар бар.
- Балықтың суретін саламыз
- Басы мен денесі сопақша.
- Аяқтары жоқ
- Көздері, аузы
- Денесінде қабығы бар
Балалар педагог жұмысын қадағалап отырады.
Әр түрлі қимыл жасау арқылы, балықтар сегізаяқ, су жыланы қимылдарын жасайды.
Рефлексивті түзетушілік
- Біз қандай іс - әрекетпен айналыстық?
- Нені салдыңдар?
- Қалай және немен салдыңдар?
- Сурет іс - әрекетімен.
- Балықты салдық
- Картоп бастырмасымен салдық
Білуі керек: Балықтың бір екі, үш түрі атауын, дене құрылысын, пайдасын білді
Түсінігі: Балықтың су астында өмір сүретіндігін,
Дағдысы: балықты бейнелеуде дәстүрден тыс тәсілмен: картоп бастырмасымен сурет салуға дағдыланды.


Скачать


zharar.kz