Дәптермен жұмыс - Балалар, өздеріңе ұнаған өсімдіктің суретін салыңдар

Скачать

Тақырыбы: Өсімдік мүшелері
Мақсаты:
I. Шөп текті өсімдіктердің мүшелері туралы жаңа ақпаратты меңгерту, өткенді қайталау.
II. Оқушылардың ақыл - ой белсенділігін, ой - өрісін, дүниетанымын арттыру, сөйлеу тілін дамыту.
III. Табиғатты қорғауға, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар, электронды оқулық, гербарий.
Әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру, ойын.
Типі: Аралас сабақ.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық
- Балалар, алдымен ұстаздармен, қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Әдепті елдің баласы
Алдымен сәлем береді.
Күндей жарық,
Айдай аппақ,
Жұлдыздай биік,
Судай мөлдір, таза көңілмен
бүгінгі сабағымызды бастайық!
II. Өткен материалмен жұмыс
- Балалар, мына күн, ай, жұлдыз, су - бұлардың бәрін бір сөзбен қалай
атаймыз?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатқа нелер жатады?
- Өлі табиғатқа ше?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Үйден қандай өсімдік туралы біліп келдіңдер?(Үйден жасаған гербарийімен таныстырады.) Гербарий жасаған оқушылар әңгімелейді.
III. Жаңа сабақ
1. Қызығушылығын ояту
- Балалар, сендер үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер. Мен де сендерге бір қызық ертегі дайындап келдім. Ертегі тыңдағыларың келе ме?
- Ерте, ерте, ертеде жер бетіндегі өсімдік атаулы бір - бірінен аулақта өмір сүріпті. Құлпырған ағаштар да, тырбиған бұталар да, жап - жасыл шөптер де Табиғат Ананың балалары екен. Ағаштар Мен биікпін, адамға көп пайда келтіремін деп мақтануға құмар екен. Ал, шөптер болса, тым ерке болады. Олар жыл сайын тұрақайырбастап, ойға да, қырға да өсе береді екен. Балаларының бәрі мақтаншақ, ерке болмасын деп, Табиғат Ана бұталарды шөлге өсіреді.
Бір күні қатты жел соғып, дауыл тұрып, өсімдік атаулының бәрі опырылып, ағаштар сынып, шөптер жапырылып қалыпты.(Дауылдың дыбысы естіледі.)
Cонда Емен ағашы ғана аман қалған екен. Содан кейін Табиғат - Ана:
- Емен, сен бас болып, бауырларыңды ығыңа ал. Бәрің бір жерде өсіңдер. Сендерді орман - тоғай деп атайық. Аң, құс атаулыдан көмектеріңді аямаңдар. Менің ең жақын досым – Адам. Адамдар сендерге көмектеседі,- дейді.,
Міне, содан бері, Табиғат - Ананың балалары - ағаштар, бұталар, шөп текті өсімдіктер адамдармен мәңгілік дос болып, бір - бірінен ажырамапты.
- Балалар, ертегі ұнады ма?
- Табиғат - Ананың балалары нелер екен?
- Дауылдан аман қалған қайсысы?
- Барлығына бас - көз болуды неліктен емен ағашына тапсырды деп ойлайсыңдар?
- Ал бұта мен шөптің ше?
- Кім салыстырып береді?
2. Электрондық оқулық бойынша түсіндіру
- Қазір біз тамаша өсімдіктер әлеміне тап болып, олардың құпиясын ашуға тырысамыз. Дұрыс бақылап жүрсең, көп нәрсені білесің.
1 - құпия: Өсімдіктер сан жағынан адамдардан да көп. Неге олай деп ойлайсың?
2 - құпия: Өсімдіктер алуан түрлі, бірақ олардың барлығына тән ұқсас бөлігі болады.
- Мына өсімдіктер қандай екен?(Әр түрлі.)
- Ұқсастығы неде?(Тамыры, сабағы, гүлі т. б.)
Тамыр... Түйеошағанның тамыры өте тереңге кетеді. Тіпті кейде 20метрге дейін созылады.
3. Суретпен жұмыс
- Желайдардың мүшелерін кім ажыратып береді?
- Селеу мен бақбақты кім салыстырып әңгімелейді?
4. Сергіту минуты
Көзді оңға, солға, жоғары, төмен апар.
Көзді қатты аш, қатты жұм.( Жаттығуды 2 рет жасау.)
5. Дәптермен жұмыс
- Балалар, өздеріңе ұнаған өсімдіктің суретін салыңдар.
6. Ойын Артығын тап!
Электрондық оқулық бойынша ойын ойнату.
- Балалар, мына суреттерде табиғи денелер бейнеленген.
- Қай сурет артық?
- Жартас, бұлт, мысық, топырақ.
- Дұрыс, өйткені, мысық - тірі табиғат...
8. Таратпалы гербариймен жұмыс
Оқушылар гербарийдегі өсімдік туралы ауызша әңгіме құрастырады.
IV. Ой толғаныс
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Сабақта не ұнады?
V. Ауызша бағалау
VI. Үйге тапсырма беру
Өсімдіктер туралы жұмбақтар жаттап келу.


Скачать


zharar.kz