Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы,
М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке
дейінгі шағын орталығымен коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Жиентаева Гулназ Маныбекқызы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Әдебиеттік оқу 3 - сынып
Сабақ тақырыбы: Ш. Мұртаза. "Интернат қоймасы"
Сілтеме: Әдістемелік көмекші құралдар, дидактикалық материалдар, қосымша дереккөздер
Жалпы мақсаттар: Оқушыларға Тұрар Рысқұлов өмірі жайлы 2 класта оқығанды еске түсіре отырып, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; шыншылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу
Күтілетін нәтижелер: Оқушыларға Тұрар Рысқұлов өмірі жайлы 2 класта оқығанды еске түсіре отырып, түсініп оқиды; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыланады.; шыншылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу
Түйінді идеялар: Сыни ойлауымен сыни көзқарасы, топтық мүдде, ұжымдық көзқарас қалыптасады. Креативті (шығармашылық) ойлау дағдылары дамиды.
Орындалатын іс - әрекеттер мазмұны
Сабақ кезеңдері
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің іс - әрекеті
Кері байланысқа тоқталып өту.
Үй тапсырмасын сұрау
(Үй тапсырмасы дұрыс орындалмаған жағдайда, бағыт - бағдар береді)
Мозайка құрастыру әдісімен топтарға бөлу.
Мақсатты қою кезеңі
Есіңе түсір! Қызыл жебе романы жайлы 2 класта қандай үзінді оқыдық?
Ендеше осы романның Бала Тұрар тарауы бойынша Тұрар бейнесін ашу мақсатында білімімізді ортаға салайық. ( Бала Тұрар Шерхан Мұртаза) Қызыл жебе мәтінін талдау.
Мәтіннің кейіпкерлерін ата: Рысқұл Тұрардың әкесі,
Тұрар Рысқұлдың баласы,
И. Владимирович – мұғалім
Атамырза – Айбар мырзаның ұлы
Берілген сұрақтар бойынша шығарма мазмұнын еске түсіру:
- Мұғалім тұрардың дәптерінен нені байқады?
- Тұрар дәптеріне не деп жазды?
- Тұрарды тақтаға не үшін шығарды?
- Күлкі шақырған не нәрсе?
- Тұрардан соң тақтаға кімді шығарды?
- Мұғалімнің бағасы қандай?
1. Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғашқы адам Тұрар Рысқұлов еді. Тұрардың хатында былай делінген:( Тұрардың хатына тоқталып өту.
2. Т. Рысқұловтың өмірбаянына тоқталып өтемін
3. Суреттерімен таныстырып, толық мағлұмат беру.
Сабақтың тақырыбы: Ш. Мұртаза. Интернат қоймасы.
Жаңа сабақ кезеңі
Енді Шерхан Мұртаза туралы айтамын: 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ топырағында туған. Әкесі Мұртаза 1937 ж. сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті.
1955ж. Мәскеудің мемлекеттік Ломоносов атындағы университетін бітіріп шығады. Қазақ КСР - нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы.
Жазушының әр жылдары “Табылған теңіз”,“Белгісіз солдаттың баласы”,“Ахметжанның анты”,“Мылтықсыз майдан”повестері,“ Интернат наны”әңгімелері, “ Қара маржан”, бес кітаптан тұратын “ Қызыл жебе”, “ Ай мен Айша ” романдары, шығармаларының төрт томдығы жарық көрген.
Мағынаны ажырату кезеңі
Интернат қоймасы мәтінді өз беттерінше меңгеруге мүмкіндік жасау.
Сергіту сәті
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Ой қозғау
- Әңгіме кім туралы?
- Тұрар неліктен Серікті сұраққа алды?
- Серік неліктен шындықты айтты?
- Тұрар мен Қабылбек қандай шешімге келді?
- Сен олардың орнында болсаң не істер едің?
Бағалау кезеңі
Мұғалім оқушылар еңбегін бағалайды.
Кері байланыс
Үйге тапсырма
Ш. Мұртаза. Интернат қоймасы.