Есептік және реттік сан есім Сабақтың мақсаты

Скачать

Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың есептік және реттік сан есім туралы түсініктерін кеңейту. Сөйлемнен сан есімдерді таба білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Сөз таптарын ажырата білуін, сөйлем ішінен мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлау сезімін оятып, кішіпейілділікке, адамгершілікке, әдемі сөйлеуге, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтастыру, топпен жұмыс, ойын, ребус шешу.
Пәнаралық байланыс: математика, орыс тілі, ағылшын тілі
Көрнекілігі: слайдтар, үлестірме қима қағаздар, электронды оқулық. плакат, маркер.
Сабақтың барысы:
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. І топ - Наурыз, ІІ топ - Сәуір, ІІІ топ - Мамыр.

І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар назарын сабаққа аударамын.
ІІ. Психологиялық дайындық
Біздер бүгін баламыз,
Өсіп алға барамыз.
2030 - шы жылдары
Біз де азамат боламыз, - деген өлең жолдарын бірінші баяу, екінші шапшаңырақ, үшінші өте жылдам айтамыз.
Үй жұмысы
15 - жаттығу Кім тапқыр? ойыны. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып жаз.
1. Екі ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
2. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
3. Білекті бірді жығады, білімді бірді жығады.
4. Мың кісінің түсін білгенше, бір кісінің атын біл.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау
3 - топқа тапсырма. Ребус шешу Шешуі (Тіл – қылыштан өткір)
Сандар жырлайды ойыны арқылы сөз таптарын еске түсіру.
Етістік дегеніміз – заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіреді.
Сұрағы: не істеді? Қайтты? Не қылды?
Сын есім дегеніміз – заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөз.
Сұрағы: қандай? Қай?
Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіретін сөз. Сұрағы: кім? Кімдер? Не? Нелер?
Сан есім дегеніміз – заттың санын, ретін білдіретін сөз.
Сұрағы: қанша? Неше? Нешінші?

ІY. Ой ашар
а) Ертегі оқып беру (слайд арқылы түсіндіру)
Ерте, ерте, ертеде Сөз табы деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты – Сан есім екен. Оның екі ұлы болыпты. Ұлдарының аты – Есептік және Реттік екен. Есептік сан есім әр затын санап, ал Реттік сан есім әр затын ретімен қойып, ретімен айтып, бақытты өмір сүріпті. Және де бір - бірінен ажырамай өздерінің мақсат мұраттарына жетіпті.
САН ЕСІМ Есептік Реттік
- Балалар есептік сан есім дегеніміз не?
- Есептік сан есім заттың нақты санын білдіреді. Қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: жеті қалам, бес алма.
- Ал, реттік сан есім дегеніміз не?
- Реттік сан есім заттардың саналу ретін білдіреді. Нешінші? деген сұраққа жауап береді.
Реттік сан есім есептік сан есімге – ыншы, - інші, - ншы, - нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: алтыншы автобус, бірінші көше.

Y. Мағынаны тану. Көркем жазу минуты
Ққ, Ққ, Қанат
Оқулықпен жұмыс
17 - жатттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сан есімдерді теріп жаз, оларға сүрақ қойыңдар.
Сан есімдер: үш, үшінші, екі, бірінші, екінші.
Сан есімдерді салыстыр. Бұлардың бір - бірінен өзгешелігі неде?
18 - жатттығу. Көп нүктенің орнына есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз.
Реттік сан есімдердің құрамындағы жұрнақтарды тиісті белгімен белгілеңдер.
Әр қатардағы сан есімдерге сұрақ қой. Олардың мағыналық өзгешелігін айтып түсіндір.
Бір қатар __________ қатар
Үш орын ____________ орын
Тоғыз мектеп ___________ мектеп
Алты сынып _______________ сыны

- Қандай тілдерді білесіңдер?
- Біздің президентіміз Нұрсұлтан Ә. Н., үш тілді бірдей меңгер - дейді:- ол қандай тілдер? Қазақ, орыс, ағылшын.
- Бірақ Қадыр Мырзаәлі былай дейді Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте .
Олай болса, осы сөздерді орыс тіліне аударып көрейікші. Один ряд - Первый ряд н, три место - третье место, девять школы – девятое школа, шесть классов - шестой класс.
Ендеше осыны ағылшын тілінде аударамыз оқимыз.

Сергіту сәті.
Ауызша орындалады.
19 - жаттығу
Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда.
Реттік сан есімдерге жалғанған қосымшаның екі түрлі (- ншы,- ыншы) болу себебін түсіндір.
Бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы, отызыншы.
Ал, ендеше біз орысша, ағылшынша санауды білеміз ғой. Еске түсіріп жіберейік.
Раз, два, три, четырый, пять, шесть, семь, восемь, девять, десять.
Реттік сан есімдерді сөз құрамына талдайды.
21 - жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап. Оны орысша, ағылшынша аударамыз.
Сан есімді тауып, реттік не есептік сан есім екенін айт.
Қос сөзін қандай сан есіммен алмастырып айтуға болады?(Тіс, зуб,)

VI. Шығармашылық жұмыс.
Код арқылы диктант.
Мұғалім бірнеше сөз оқиды, оқушылар қолдарындағы параққа белгілеп отырады.
Мысалы: он бес, орамал, алтыншы, жүгіреді, қызыл.

І топ. Семантикалық карта толтырады.

ІІ топ Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Мыңның жүзін білгенше, Бірдің атын біл.
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.

ІІІ топ Сандарды сөйлет тапсырмасын орындайды.

VII. Сабақты қорытындылау. Шағын тест сұрақтарын беру.
VIII. Оқушылардың білімін бағалау.(Смайликтермен бағалау)
Үйге тапсырма беру. 20 - жаттығу Есептік және реттік сан есімді қайталау.
Кері байланыс жүргізу.


Скачать


zharar.kz