А Алманы теріп алайық

Скачать

А
Алманы теріп алайық.
Себетке жинап алайық
Жиналған алма, алмұртты,
Күздің дәмі деп татайық.
Ә
Әліппе мен танысып,.
Әріптерді үйрендім.
Әдемілеп мен енді,
Әріптерді тіземін.
Б
Бала, бала, бала.
Сабағыңды қара,
Оқымасаң жасыңнан
Боласын сен шала.
В
Вагон, вагон тіркелді,
Вокзалға келіп тірелді,
Тіркеп алып паровоз,
Алға қарай жүйткиді.
Г
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл, жасыл, көгілдір.
Жайқалып біздің бақшада,
Жұпар иісін төктіңдер,
Ғ
Ғимараттар тізілген,
Әдемі біздің қаламыз.
Ғаламтордан көрсетер,
Әлемге жар саламыз,
Д
Добым, добым домалақ,
Көше бойын жағалап.
Қуалаймын күнімен,
Шаршамаймын сенімен.
Е
Етігіңді кимей,
Жалаңаяқ шаппа.
Есігіңді жаппай
Далаға сен шықпа.


Скачать


zharar.kz