Балалар сендердің келгендерің қандай тамаша болы

Скачать

Тақырыбы: Бояулар патшалығына саяхат Тәрбиеші: Клара Махамбетова
Білім беру салалары: Шығармашылық , "Әлеуметтік".
Бөлімдері: Бейнелеу өнері
Мақсаты: Жыл бойына алған білімдерін бекіте отырып, бояулар жайлы түсініктерін кеңейтіп, түстерді анықтауды меңгерту. Суретшілер туралы білімдерін кеңейтіп, байыту.
Дәстүрлі емес әдіс - тәсілдерді пайдаланып, ойлау қабілеттерін, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қорытынды тұжырым жасай білуге дағдыландыру, қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.
(Музыка әуенімен балалар залға кіреді.)
Тәрбиеші: Балалар сендердің көңіл күйлерің қалай?
Балалар: Жақсы
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз патшалығына саяхаттап келдік. Бірақ суретші ағай көрінбейді ғой?
Жарайды, ендеше әзірге өзіміз әңгімелесе тұрайық. Қазір бізде қай жыл мезгіл?
Балалар: Көктем
Тәрбиеші: Балалар әр жыл мезгілінің өзінің түсі болады, сол қандай түс екенін кім атап береді?
Айжан: Әр жыл мезгілінде өзінің түсі болады, қыс - ақ түсті, көктем - қоңыр түсті, жаз - әртүрлі түсті, күз - сары түсті
Тәрбиеші: Өте тамаша, яғни, бізде қазір көктем мезгілі - жасыл түсте.
Ал, көктемнен кейін қай жыл мезгілі?
Балалар: Жаз
Тәрбиеші: Ал енді балалар біз бір сәтке жаз мезгілін елестетейікші.
Релаксация,, Жаз мезгілінің керемет түстері’’
Көздеріңді жұмайық, терең дем алып, еркін тыныстайық. Табиғат қандай тамаша! Жан жағымыз жап - жасыл шөпке толы жердің бәрінде қызғалдақ гүлі, қызғалдақтың түсі қызыл, сары. Аспанымыз ашық көк, ал күніміз сап - сары болып шуағын шашып тұр.
Ал, енді, терең дем алып, көзімізді ашайық.
Тәрбиеші: Балалар, жаңа сендер не елестетіңдер?
Балалар: Айналамыздағы табиғаттың түсін.
Тәрбиеші: Оның түсі қандай екен?
Балалар: Сары, көк, жасыл, көк.
Тәрбиеші: Өте тамаша, ал, енді балалар, табиғаттың қай құбылысында 7 түс болады?
Балалар: Кемпірқосақта
Тәрбиеші: Кемпірқосақта қандай бояулар бар?
Асылжан: Кемпірқосақтың көрінісінен жеті түрлі-түсті көруге болады. Олардың үшеуі - негізгі түс, ол қызыл, сары және көк, ал қалған төртеуі - солардың қоспасынан шыққан түстер.
Осы үш түсті араластыра отырып, қалған қосымша түстерді аламыз. Мысалы, қызыл түс пен сары түсті қоссақ, сарғыш қоңыр түс пайда болады, көк пен қызыл түсті қоссақ - күлгін түс, сары мен көк түсті қосақ - жасыл түс шығады(араластырып көрсетеді)
Осылай әртүрлі бояуларды бір - бірімен араластыра отырып көптеген түстерді табуға болады.
Тәрбиеші: Өте тамаша
Суретші: Саламатсыңдар ма балалар!
Балалар: Саламатсыз!
Суретші: Балалар сендердің келгендерің қандай тамаша болы. Бояулар патшалығына зұлым түссіз сиқыршы келіп барлық бояуды ұрлап кетіпті. Менің 4 атақты суретші достарым: күз, қыс, көктем, жаз көмек сұрап жатыр. Ал бояуларды қайтару үшін тапсырмалар беріліпті. Балалар, сендер маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: иә, көмектесейік.
Суретші: Балалар, қараңдаршы, мынау суреттер қай түрде салынған?
Әлия: Натюрморт, пейзаж, портрет түрінде салынған.
Портрет түрі адамның бет пішінін бейнелеумен ерекшеленеді. Суретші келбеттік жанр арқылы адамның сыртқы пішінімен бірге оның мінез құлқын, ішкі жан дүниесін де бейнелеуге тырысады.
Арда: Пейзаж түрі табиғат көрінісін бейнелейді. Суретші жазған пейзаж жанырларынан табиғаттың әр түрлі әсем ерекшеліктерін көреміз. Жыл мезгілдеріне; жаз, күз, қыс, көктем тақырыптарына арналған суреттерді тамашалаймыз.
Айару: Натюрморт түрі бізді қоршаған ортада кездесетін заттарды, жемістерді, гүлдерді, тағы басқаларды бейнелейді. Суретшілердің салған натюрморттарынан онда бейнеленген нәрселердің ерекшелігін, түр - түсін, үйлесімділік бірлігін, көре аламыз.
Суретші: Қандай атақты суретшілерді білесіңдер?
Лия: Қастеев, Исмаилов, Кенбаев, орыс суретшілері: И. Левитан, И. Шишкин.
Суретші: Жарайсыңдар, балалар, сендердің білімдерің өте ұнады. Балалар, бояулар патшалығының тұрғындары ертегіні де бейнеледі, қараңдаршы...(сөмкесінен қиылған суретті алып шығады) Ой, кім мына суреттерді қиып тастады?
Тәрбиеші: Суретші, ренжімеңіз, біздің балалар сізге көмектеседі.
Дид. ойын: Ертегіні құрастыр
Суретші: Ой балалар, рахмет сіздерге, бірақ бояулар ұрланып кетті ғой, енді мен қалай сурет салам және де зұлым сиқыршы суретті қылқаламсыз салу керектігін ескертіпті.
Тәрбиеші: Оған да ренжімеңіз, қазір біздің балалар бояуға айналады да, сізге сурет салып береді.
Тәрбиеші: Ал енді балалар сурет салуға кірісейік.(Балалар майшам, трафарет, жапырақпен, алақанмен бастыру тәсілмен салады)
Суретші: Ой рахмет, балалар, қане көрейікші, не салдыңдар, нені бейнеледіңдер?
- Қандай тәсілмен бейнеледіңдер?(Бастыру тәсілімен)
- Керемет балалар, білімді де, өнерлі де екенсіңдер. Сендер біздің патшалығымызға бояуларымызды қайтарып бердіңдер, сол үшін біздің де сыйымыз бар сіздерге.(сыйлығын береді)
Тәрбиеші: Сізге де рахмет, суретші ағай. Біздің де уақытымыз келді. Қош сау болыңыз.


Скачать


zharar.kz