Біздің Республикамыз - тәуелсіз мемлекет

Скачать

Алматы облысы, Ақсу аудан, Ащыбұлақ ауылы,
М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке
дейінгі шағын орталығымен коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің 3 - сынып оқушысы
Тұрсынмамед Аружан Нұрланқызы

Тәуелсіздік - тұғырың

Менің Отаным - Қазақстан Республикасы. Біздің Республикамыз - тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз мемлекеттің өзінің Рәміздері болады. Басынан өткерген сан - қилы қиыншылықтарынан соң еншілеген осы – тәуелсіз мемлекетіміздің Рәміздерін көзінің қарашығындай қастерлеп, күту біздің басты борыштарымыздың бірі.
Тәуелсіздіктің Туын - ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 - желтоқсаны еді. Ұзақ жылдар бойына Ресей боданында болып келген мемлекетімізді Д. А. Қонаевтың басқаруы қазақ халқының бойына жылтыраған сәуле ұялататын еді. Кенет..
Таңертеңгілік сағат 10 - да, бар - жоғы 18 минут ішінде 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген
Д. А. Қонаевты түсіріп, орнына Г. Колбин - ешкімнің пікірінсіз - ақ мемлекетімізді басқаруға ұсынылған еді. Оқушы күнделігінің көрнекі бетіндей: осы сәт - тарихымыздың айшықты бір парағына айналды.
1986 жылдың 17 - сі - қазақ жастары Брежнев атындағы алаңға Бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастардың пікіріне ешкім құлақ аспастан күш көрсетіп, басып - жаншуға кірісті. Күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, қабаған итттермен күштеп қайтара бастады. Сол шеруде қаза тапқан қазақтың ұл - қыздарының саны қаншама десеңізші...
Жылда даталы Тәуелсіздік күніне өткізетін сынып сағаттарында Ләззат, Сәбира, Ербол, Қайрат сында аға - апаларымыздың ерліктерін, өмірлерін қайталап өту арқылы жатқа біліп алдық десек те болады.
Қайрат, Ләззат ерлерім
Жайқалып тұр ертеңің
Ұмытпаймыз әрдайым
Ерлерге серт бергенің деп асқақтата шырқайтын әніміз де бойымызға шым - шым етер, шымырлатқан қуат құятын секілді.
Еліміздің тарихын оқып - үйрене отырып, осы сәттің бәрі тізбектеліп, көз алдыма келе бастайды.
Бұл аға - апаларымыздың ерліктері біздің санамызға елжандылық пен патриоттық сезімдерге жетелейді. Сол кісілердің арқасында біз - Тәуелсіз елде өмір сүрудеміз. Қарнымыз тоқ, көйлегіміз көк десе де болады. Біздің ендігі міндетіміз осы заманызға тойынып, асқақтамай, болашаққа сергек қарау. Еліміздің Тәуелсізідгіне қуанып, Рәміздерге құрметпен қарап, қастерлеп, елжанды азаматтар болу. Тәуелсіздігіміз мәңгі жасасын! Қазақстан жасасын!- деп бар дауысыммен бүткіл әлемге жар салғым келеді.


Скачать


zharar.kz