Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан

Скачать

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыруды, математикадан алған білімін қорытындылауда, тәлім - тәрбиесін қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін шаралардың маңызы өте зор.
Жүргізуші:
Уа, халайық!
Бәріңе бірдей жар салайық,
Математика тілін үйренем деушілерге,
Математика тілін білмек ойы барларға
Бүгін болатын сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанғансын,
Евклид, Пифагордан бата алғансын
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән - математика атанғансын!
Жүргізуші:
Уақытында математика сырын түсінбей, кейіннен уысымызға түсірмей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен сырласып, сандармен мұңдасып қалу үшін өткізгелі тұрған сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Осы ойынға әділ де, дұрыс баға беретін әділқазы алқаларымен танысайық.
Жүргізуші:
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар
Білімді оқушыларды халайық!
Қол соғып қарсы алайық!
Жүргізуші:
Мәнгі бақи есте қалар
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын - дей отырып, ойынымыздын 1 туры Бәйгені бастаймыз.
Жүргізуші:
Бұл турымызда ойыншыларға сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Олай болса іске сәт!
Сұрақтар:
1. Қандай сандар иррационал сандар деп аталады?
( Шектеусіз, периодсыз ондық бөлшектер )
2. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды?
( Құрамында әрпі бар өрнекті)
3. Жақша алдында + таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
( Жақша ішіндегі алгебралық қосылғыштардың өз таңбалары сақталады )
4. Жай сан деп қандай санды атаймыз?
( 1 - ге және өзіне ғана бөлінетін санды )
5. Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталлады?
( Бір - бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер )
6. Сан аралықтарының неше түрі бар және оларды ата?
( 5 түрі бар: интервал, кесінді, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле)
7. Гректің параллель сөзі қазақша қалай аударылады?
( Қатар жүруші )
8. Алгебралық өрнек дегеніміз не?
( Құрамында әріптер, сандар, арифметикалық амаалдар таңбалары және жақшалары бар өрнек )
9. Қарама - қарсы сандар дегеніміз не?
( Тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар )
10. Тік бұрышты төртбұрыштың ені 4 см - ге тең, ұзындығы енінен 5 см ұзын. Ауданы неге тең?
(ені - 4см, ұзындығы 4+5= 9см 4*9=36 см)
Жүргізуші:
Осымен біздің 1 тур Бәйге аяақталды. 8 ойыншының ішінен ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы ойыннан шығады.
Жүргізуші:
2030 - дың бағдарлы биігі,
Білімнің еншісі мұны әркім біледі
Сондықтан достар - ау дарынды қарайық,
Алынбас қамал жоқ шыңдайық жігерді, - дей отырып, сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.
Жүргізуші:
Сайысымыздың Жеті жұмбақ бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде әр түрлі жеті есеп беріледі. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады.
Жүргізуші:
Жеті жұмбақ бөлімін бастаймыз.
Сұрақтар:
1. Қосарланып жетілген үш ат бір сағаттың ішінде 27 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген?
( Ол да 27 км жүрген )
2. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды?
(10 торғай қалды, басқалары ұшып кетті )
3. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы Олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
( Түйеқұстар ұшпайды )
4. Қара ағаш басында 5 алма өсіп тұр. 1 жерге түсіп калды, нешеуі тал басында қалды?
( Қара ағашта алма өспейді )
5. Бір - бірімен жарысқан,
Бес аю, бір арыстан
Екі қой мен үш түлкі
Бәрі нешеу, білді?
( Барлығы 11 )
6. Екі адам 5 метірлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1, 5 минут кетсе, бөренені қанша минут кетеді?
( 6 минут )
7. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Екі қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.
( Барлығы 15 )
Жүргізуші:
Осымен Жеті жұмбақ кезеңі аяқталды. Сөз кезегі сарапшыларда. Ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы ойыннан шығады.
Жүргізуші:
Ойынымыздың келесі бөлімі Жанды сұрақтар . Сіздерге қойылатын сұрақтардың жауаптары 3 нұсқада беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпай.
1. Координаталық түзуді кім енгізді?
А) Ньютон:
В) Декарт:
С) Галуа. (Декарт)
2. Математикалық теңдеулер туралы ғылыми еңбек жазған қазақ ғалымы?
А) Жәутіков:
В) Искақов:
С) Садықов. (Жәутіков)
3. Жиын теориясынының негізуші қалаушы?
А) Декарт:
В) Галуа:
С) Кантор. (Кантор)
4. 5 сынып және 6 сынып математиа оқулықтарының авторы?
А) Ыбан:
В) Алдамұратова:
С) Макарывич. (Алдамұратова)
5. Пропорцияның қазіргіше жазылуын 1693 жылы қай математик енгізген?
А) Лейбниц:
В) Галуа:
С) Кантор. (Лейбниц)
Жүргізуші:
Осымен Жанды сұрақтар бөліміміз аяқталды. Сайысымыздың ең шешуші кезеңі Жорға бөліміне де келіп жеттік. Одан бұрын сөз кезегі сарапшыларда, ұпай аз жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.
Жүргізуші:
Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Сәт сапар!
1. Айырмашылығы тек таңбалары ғана болатын сандар.
(Қарама - қарсы сандар)
2. 0 - ден үлкен сандар
(Оң сандар)
3. Оң сандардың қосындысы қандай сан?
( Оң сан )
4. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар.
( Натурал сандар )
5. Ең кіші жай сан. ( 2 )
6. Бұрышты өлшейтін құрал. ( Транспортир )
7. Қарама - қар сы сандардың қосындысы неге тең?
( 0 тең )
8. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан? ( Оң сан )
9. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі ( 180 градус )
10. Екі қатынастың теңдігі ( Прапорция )
11. 5 - ке қарама - қарсы сан ( - 5 )
12. Алымды бөлімінен үлкен бөлшек ( Бұрыс бөлшек )
13. 14 қандай сан? ( Жұп сан )
14. Шешімдері бірдей теңсіздіктер ( Мәндес теңсіздіктер )
15. Кері сандардың көбейтіндісі неге тең? ( 1 - ге тең )
Жүргізуші:
Осымен Ж орға бөліміде өз мәресіне жетті. Сөз кезегі сарапшыларда.
Жүргізуші:
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық
Математика құрметтеуге лайық,
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес есептерсіз түсіну,
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Жүргізуші:
Озық ойлы оқушы сайысымыз аяқталды. Сөз кезегі осы ойынды басынан аяғына дейін бақылап, тамашалап отырған қонақтарымызда.
Жүргізуші: Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!


Скачать


zharar.kz