Пән: Қазақ тілі.
Сынып: Мектепалды даярлық сынып.
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сәлем! Сау бол!
Мақсаты:
1. Білімділік: Балаларға танысу, амандасу үлгілерін үйрету.
2. Дамытушылық: Амандасу, қоштасу үлгілерін орынды қолдана білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Әдепті және сыпайы сөйлеу мәнерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, суретпен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, әліппе - дәптері, әдістемелік құрал, демонстрациялық материалдар.
Меңгерілетін сөздер, сөз тіркестері: Сәлем, сәлеметсіз бе, сау бол (ыңыз).
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен жылы қарым - қатынас орната отырып, олардың оқу іс - әрекетіне деген жақсы көңіл күйінің қалыптасуына баса көңіл аударады.
II. Тақырыпты ұсыну
Әрбір жаңа тақырып әліппе - дәптерде берілген алғашқы суретке оқушылардың назарын аудару арқылы ұсынылады. Мұғалім осы сурет бойынша тақырып туралы түсінік береді.
III. Тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
1. Балаларға екі бала амандасып тұрған суретті көрсете отырып, олар өзара: Сәлем ,- деп амандаса алатынын түсіндіреді де, бір баламен: сәлем ,- деп өзі амандасып көрсетеді. Осыдан кейін балалардың назарын үлкен адаммен амандасу үлгісіне аударып, үлкен кісілермен Сәлеметсіз бе! - деп амандасатындарын үйретеді. Осылай қоштасу үлгісі бойынша берілген суреттермен е жұмыс жасалады.
2. Балаларды шеңберге тұрғызып, амандастырып жаттықтырады. Мысалы:- Арман, сәлем!- Сәлем, Қанат! Атын атай отырып амандасу, қоштасу - балалардың бір - бірінің атын есте сақтауына, өзара жылы қарым - қатынас орнатуына ықпал етеді.
3. Балалардың үлкен адаммен амандасуы мен қоштасуын жаттықтыруға көшеді. Ол үшін қонаққа арнайы бір - екі үлкен адамды шақырады (педагог мамандар, күтушілер, т. б. болуы мүмкін). Олардың қатысуымен амандасу, қоштасу үлгілерін жаттықтырады.
Сергіту сәтін өткізу.
4. Балалардың назарын әліппе - дәптердегі суретке аударып, суретте берілген адамдармен қалай амандасатындарын, қоштасатындарын қайталай отырып тақырыпты бекітеді.
IV. Сабақты қорытындылау.
Мұғалім балалармен оқу іс - әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылайды.