Оқушыларды материктің климат және климаттық белдеулері, ішкі суларымен таныстыру

Скачать

Аустралияның климаты және өзендері мен көлдері
География 7 сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды материктің климат және климаттық белдеулері, ішкі суларымен таныстыру.
Міндеті: 1. Оқушылардың бірлесе оқу машықтарын жетілдіру;
2. Мәтіндегі негізгі ойды анықтату арқылы танымдық іс - әрекетке тарту;
3. Топтық жұмыстағы жауапкершілікті орнықтыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Конверт сұрақ , Миға шабуыл , Тұжырымдамалық карта, географиялық диктант, Кубизм, картамен жұмыс, ТИИ кестесі, сәйкестендіру
Табыс
критерийі: Аустралияның климаты және климаттық белдеулері, ішкі сулары жөнінде түсінеді.
Сабаққа қажетті көрнекіліктер мен құралдар: Карта, стикерлер, атлас, кескін карта, қима қағаздар, интербелсенді тақта
І. Ұйымдастыру:
1. Сәлемдесемін;
2. Топқа бөлемін; 2мин
1 - топ Климаты
2 - топ Өзендері
3 - топ Көлдері
4 - топ Жер асты сулары

ІІ. Үй жұмысын тексеру: Конверт сұрақ
Әр топтан топ басшысы шығып өз сұрақтарын таңдап алады. Оқу

ІҮ. Жаңа сабақ жоспары:
Білім:
Миға шабуыл әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар қоямын
1 Аустралия қандай материк?
2 Қай жарты шарда орналасқан?

Аустралияның климаты мен ішкі сулары бейне фильм
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Түсіну:
Әр топқа мәтінмен жұмыс жасауды тапсырамын, қосымша ресурстар таратамын
Қолдану:
Координаталарды анықтау
1 - топ Эйр көлінің
2 - топ Канбера қаласы
3 - топ Косцюшко тауының
4 - топ материктің 4 шеткі нүктелерінің координаталарын табу.


Скачать


zharar.kz