Ілияс Жансүгүровтің Құлагер поэмасындағы көркемдегіш сөздер
Көркем шығарманың поэзия жанры – ақынның ой елегінен өткен сезім күйінің жыршысы ғана емес, оның эпикалық түрлерінде күрделі мазмұнның, оқиғаның өлең түріндегі көрінісі. І. Жансүгіровтың Құлагер поэмасы – осындай бас – аяғы жұмыр шығарма. Бұл поэмада қазақ өмірінің тыныс – тіршілігі, әлеуметтік тартыс – күресі, әдет-ғұрпы, салт – санасы, үстем таптың озбырлығы, заманнан өгейлік көрген ақын қайғысы ақынның тіл шеберлігі, айшықты сөз өрнегі арқылы биікке көтерілген.
Ақынның тіл шеберлігіне, поэма арқауына сүйене отырып, талдау жасап көрейік.