8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстары тақырыбына есептер шығару.
Мақсаты:
Білімділік - Оқушылардың Жылу құбылыстары тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана білу біліктіліктерін қалыптастыру.
Дамытушылық - Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік - Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздаққа тәрбиелеу.
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: деңгейлі тапсырмалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Есептер шығару.
1 - деңгей
1. Массасы 1 кг қорғасында 1000С - қа қыздыру үшін 13000 Дж жылу мөлшері жұмсалды. Қорғасынның меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңдар.
2. 150С - та суды 1000С - қа қыздырғанда, оның ішкі энергиясы 178, 8 кДж - ге артты. Судың массасын анықтаңдар.
3. 1000С - та 5 л қайнаған су қоршаған ауаға 1680 кДж энергиясын бере отырып, қандай температураға дейін салқындайды?
4. 100 кг антрацит толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?
5. Қарағанды көмірінің 100 кг - ы толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңдар.
6. Q = Дж энергия алу үшін, жағылатын тас көмір массасы. (q = Дж кг).
2 - деңгей
1. Сыйымдылығы 5 л ыдыс бензинмен толтырылған. Толық жануы кезінде 23ּ107 Дж энергияны алу үшін осы бензин мөлшері жеткілікті бола ма?
2. 440ּ107 Дж энергияны алу үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың қандай мөлшерін жағу керек?
3. Массасы 200 г керосин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?
3 - деңгей
1. Массасы 5 кг қызған тас 2 К - ге дейін салқындап, қоршаған ортаға 4200 Дж жылу береді. Тастың меншікті жылу сыйымдылығы.
2. Массасы m = 90 г су, t1 = 1000 C – тан t2 = 500 С - ке дейін салқындағанда бөліп шығаратын жылу мөлшері Q... (ссу = 4200 )
3. Массасы m = 23 г суды t1 = 200 C - тан t2 = 800 С дейін қыздыру үшін қажет жылу мөлшері Q. ( = 4200 ).
4. t1 = 400 C - тағы 200 г суды t2 = 200 С - тағы 100 г сумен араластырамыз. Қоспаның температурасы.
ІІІ. Қорытындылау.
ІV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма: қайталау.