Оралған қағаз түбіне қант немесе мақта сал

Скачать

Тақырыбы: Табиғаттағы су айналымы.
Мақсаты мен міндеттері: Су адам өміріне маңызы туралы түсінік беру.
А) Білімділік: бұлт, тұман, жауын - шашын туралы түсінік беру..
Ә) Дамытушылық: Әңгімелеу, сипаттау, талдау, тәжірибе жасау, бақылау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
Б) Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға тәрбиелеу:

Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: стақан, су, мақта, шартты белгілер.
Әдіс - тәсілдер: жұптық, талдау бақылау, тәжірибе жасау.,

Сабақ барысы
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Үй тапсырмасын тексеру:
- жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның қандай маңызы бар?
Ауаның көлемі қандай жағдайда өзгереді?
- Неліктен күн сәулелері ауаны тікелей қыздырмайды?
- Биіктікке көтерілген сайын температура қалай өзгереді?

2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Жер бетіндегі ең көп таралған зат - су. Жер шарының төрттен бір бөлігі көгілдір түсті неге? Ол су - мұхиттар, теңіздер, көл, өзендер.
Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
Су
Сұйық
Газ
Қатты

Кестені толтыр:
Мысалдар ----- Судың күйі
Өзендегі су, шық
Қар, мұз
Бу

Бұлт түрлерін ажырат
Жауын шашын түрлерін ажырат Шарбы бұлт, будақ бұлт, қабат бұлт
тұман - табиғат құбылыстарын ата, олар неден тұрады?
қара бұлт

Сергіту сәті
3. Жаңа білімді бекіту:
4. Оқулық бойынша жұмыс: берілген мәтіндерді оқу. Сұрақтарға жауап беру.
- жер бетіндегі тіршілік үшін судың қандай маңызы бар?
- судың неше күйі бар? Оларды ата.
- бұлттың қандай түрлері бар?
- жауын шашын түрін ата.
5. Сарамандық жұмыс: 1 бет парақты домалатып орап стақанға сал. Оралған қағаз түбіне қант немесе мақта сал. Оған лайлаған су құй. Стақандағы су қандай? Өзің қорытынды жаса.
4. Үйге тапсырма: 56 - 57 бет. оқу, әңгімелеу.


Скачать


zharar.kz