Дауыссыз дыбыстардың түрлерін жаттау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар түрлері
Сабақтың мақсаты: оқушыларға дауыссыз дыбыстардың түрлерін өз беттерінше іздену арқылы меңгерту және жаттығу жұмыстары кезінде еркін ажыратуға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы мен ерекшелігін ажырата алады.
2. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін жетік меңгереді.
3. Жаттығу жұмыстарын орындау кезінде дауыссыз дыбыстардың түрлерін еркін таба алады.
Қалай көрінеді:
1. Категориялық топтастыру стратегиясы.
2. Түртіп алу стратегиясы.
3. Бес жолды стратегиясы.
Сабақтың түрі: Ізденіс - танымдық сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, жаттығу жұмыстары.
Сабақтың көрнекілігі: дауыссыз дыбыстардың түрлеріне арналған кесте, топшамалар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
270 - жаттығу.
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
Категориялық топтастыру стратегиясы.

ІІ. Мағынаны тану.
1) Түртіп алу стратегиясы.
Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқи отырып, (Ү, -, +,?) Түртіп алу стратегиясы бойынша берілген кестені дәптерлеріне сызып, толтырады. 10 мин. уақыт беріледі.
Ү - + ?
Білемін Білмеймін Жаңалық Күдікті, таңқалу

Дауыссыз дыбыстар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді болып үш топқа бөлінеді.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Олар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ
Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз.

Ұяң дауыссыздар мыналар: б, в, г, ғ, д, з, ж
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дауыссыз дыбыстар деп атаймыз.
Үнді дауыссыз дыбыстар мыналар: р, л, м, н, ң, у

2) Жаттығу жұмыстарын орындау.
264 - жаттығу.
Мәтінді көшіріп, қатаң дауыссыздардың астын - бір, ұяң дауыссыздардың астын – екі, үнді дауыссыздардың астын ирек сызықпен сызыңдар.

265 - жаттығу.
Төменде берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама беріңдер.

268 - жаттығу.
Мына өлең шумақтарындағы һ, ч дыбыстары бар сөздер қандай сөздер? Мағыналық жағына талдау жасаңдар.

ІІІ. Толғаныс.
1) Бес жолды өлең стратегиясы.
264 - жаттығудан өздерінің қалауы бойынша сөз алып, соған бес жолды өлең құрау.
Зат есім (кім? Не?)
Сын есім (2 сөз)
Етістік (3 сөз)
1 сөйлем (4 сөз)
Синоним –
2) Үйге тапсырма.
1. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін жаттау.
2. 269 - жаттығу.
3) Бағалау.
Оқушының аты - жөні Ереже Категориялық топтастыру Түртіп алу Жаттығу жұмысы Бес жолды өлең Оқушының өз бағасы Мұғалімнің бағасы Қорытынды баға


Скачать


zharar.kz