Балаларды тақта алдына дөңгелене тұрғызып, сары түсті лентаны қолдарына ұстатып күн бейнесін жасату

Скачать

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Ембі қаласы, №2 орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Шакибаева Алия Сагидуллақызы

Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сан есім тақырыбын тірек - сызба бойынша меңгерту барысында жаттығулар орындату.
Дамытушылығы: Ақыл - ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, достыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, ажырату, топтау, жазбаша дәлелдеу.
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, тірек - сызба, суреттер сызбалар, кесте.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Психологиялық дайындық. Балаларды тақта алдына дөңгелене тұрғызып, сары түсті лентаны қолдарына ұстатып күн бейнесін жасату. Бір - бірлеріне қарап тұрып, жылы - жылы тілектерін айтқызу. Айтып болған соң, лентаның қолымен ұстап тұрған бөлігін қайшымен кесіп беру. Бұл күн нұрының кішкене бөлігі арқылы әр бала өз жүрегіне жылу сыйлады деп есептелінеді. Балалар хормен:
Қатар - қатар түзеліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,
Түп - түзу боп тұрайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтану сәніміз.
Отыруға нақпа - нақ,
Дайындалдық бәріміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мақалдар жазып келіп, ішінен сын есімді тауып сызу.
1. Жақсы сөзге жан семіреді,
Жаман сөзден жан қорқады.
2. Өнерлі бала сүйкімді.
3. Сабағы жаман жемістің, дәні де жаман.
4. Ақылды қария, ағып жатқан дария.

ІІІ. Өткенді білмегеннің - ертеңі болмайды. (Өткен тақырыпты пысықтау)
Тірек - сызба бойынша жұмыс.
Ой қозғау Сөздер мағынасына қарай неше сөз таптарына бөлінеді? (Қандай?)
Сөз таптары ↓
Зат есім
Сан есім
Етістік
Сын есім

- Біз осылардың ішінде қайсысын өттік? (Зат есім, Етістік, Сын есім)
1. Зат есім дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді?
2. Етістік дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді?
3. Сын есім дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту. Мұғалім суретші сызбаны көрсетіп: (әртүрлі сандардан салынған адамның бейнесін көрсетеді).
- Өмір бойы жан - жануар бейнесін,
Салып келген суретшіге не дерсің?
Жауабын кім тез береді, білсе егер,
Қай сандардан сурет салды бұл шебер?
Мұғалім оқушылардың айтқан сандарын тақтаға жазып тұрады:
- үш, алты, тоғыз, сегіз
Сұрақтар: - Осы сандарды қатыстырып тағы қандай сандар құрауға болады?
- алпыс үш, жиырма сегіз, отыз бес
- Суреттегі адамның көздері нешеу?- екеу
- Балалар, тақтадағы жазылған сандарға сұрақ қойыңдар. (қанша? неше? нешінші?)
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Сан есім

Сан есім

Заттың санын, ретін білдіреді
реттік, есептік, жинақтық
дара, күрделі
Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?
Мысалы:
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін
Балалар, өлеңде адамның қандай дене мүшелері туралы айтылған?
- Қол мен көз туралы
Олар жайлы не білесіңдер?
Жаттығуда қандай сандарды кездестірдік?
- Екі саны
Қазақ халқының санға байланысты қандай мақал - мәтелдерін білесіңдер?
- Бас екеу болмай, мал екеу болмайды.
- Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
- Бір мылтықтың аузына, мың адам сияды.
Күнделікті математика сабағында ғана емес, басқа уақыттарда да (дүкенге барғанда, автобусқа отырғанда) сандармен кездесіп тұрамыз.
Бүгінгі сабағымызда біз сан есімге байланысты жаттығу жұмыстары мен әр түрлі тапсырмаларды орындаймыз. Олай болса, жаттығу жұмыстарын орындауға кірісейік!
Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі күннің жадын жазайық.
Бүгінгі тақырыбымыз қандай дыбыстан басталып тұр? (С)
Олай болса, Сс - әрпін көркем етіп жазайық.


Скачать


zharar.kz