Тақырыбы: Мысық
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Мысық
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың үй жануары – мысық туралы әңгімелей білуге үйрету.
Дамытушылық: 2 - 3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Жануарларға деген қамқорлық сезімдерін ояту.
Көрнекіліктер. Сүт ішіп отырған мысықтың суреті. Ойыншық үй жануарлары.
Әдіс - тәсіл: әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрсету, ойын.
Іс - әрекет кезендері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасайды.
Орнымыздан тұрамыз
Күнге шаттана қараймыз,
Қуана қолымызды соғамыз,
Осылай күнге жылу шашамыз.
Таңғаларлық сәт: сиқырлы қорапша. Тәрбиеші балаларға қорапшадан ойыншықтар алып көрсетеді:
- Балалар, осы ойыншықтарды білесіңдер ме?
- Мынау не? Ал, мынау ше?
- Ат, сиыр, қой, түйе
- Балалар бұлар қандай жануарлар?
- Үй жануарлары.
Үй жануарларының пайдасы, түрлері туралы сұрайды. Төлдері туралы сұрайды.
Тәрбиеші балаларға сүт ішіп отырған мысықтың суретіне қарауды ұсынады.
- Мынау - мысық. Мысық сүт ішіп отыр. Себебі мысық сүтті жақсы көреді. Мысықтың түсі қара, екі көзі, екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар.
Е. Елубаевтың Ала мысық өлеңін оқып береді.
Беті - қолын жуады.
Тышқандарды қуады,
Тазалықты сақтайды,
Апам оны мақтайды.
- Балалар, мысық қалай дыбыстайды? (Мияу, мияу).
Балалар мысықтың дыбысын салады.
Балалардан мысыққа қалай күтім жасайтының сұрайды, білмесе айтады.
Сергіту сәті:
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады.
Балалар тәрбиеші мен бірге қимылдарын орындайды.
Мысық нені жақсы көреді? дидактикалық ойыны.
Суреттен мысықтың нені жақсы көретінін таңдап алу.
Балалармен жұмыс:
Мысықтың суретін құрастыру.
Дидактикалық ойын: Айырмашылығын тап
Мысық пен тышқан қимылды ойыны.
Мысық, мысық ұйықтайды,
Тышқан, тышқан жорғалайды: пи - пи.
Тәрбиеші балалардың жауаптарын қорыта, білмегендерін үйретеді. Тілдері келмеген кейбір сөздерді қайталатады. Мысалы: мысық, мияулайды т. б.