Тақырыбы: Алтын күз
Түрі: топтық сайыс
Мақсаты: Күз мезгілін ертеңгіліке көңіл күй арқылы сезіндіру. Балалардың зейінін.. өнерге деген қызығушылығын арттырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, еңбекке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Олар көктемде жерге шалқан егіпті, енді күз болған уақытта шалқан үлкен болып өсіпті.
Кемпір: Әй, шал шалқанды жұлайық тез кел.
Жүргізуші: Сол кезде шал менің қолым тимейді, мен астық жинауға кетіп барам, сен өзің жұларсың деп кетіп қалады. (Сол кезде кемпір шалқанды жұдмақшы болып қасына барады).
Кемпір: Біздің шалқанымыз қандай үлкен, әдемі, басындағы жапырағына қараңдаршы балалар сендерде осындай үлкен шалқан барма?
Шалқан: Иә, мен үлкен, әдемі шалқанмын
Бақшада өстім кең жатқан,
Жер – Анам менің көсілген.
Атам мені суарып,
Үлкен қылып өсірген.
Кемпір: Ой кім сөйлеп тұрған біреу сөйледі ме? Балалар сендер естідіңдерме?
Шалқан: Иә, мен сөйлейтін шалқанмын.
Кемпір: Ғажап! Мұндай шалқанды кім көрген. Мен енді бұл шалқанды қалай жұламын. (кемпір шалқанды жұлмақшы болады)
Шалқан: Ой, шашым – ай, тимеңізші маған. Мен ерекше шалқанмын. Сіз менің айтқан тілектерімді орындасаңыз, мен өзім – ақ жұлынамын.
Кемпір: Ол қандай тілек?
Шалқан: мына балалар ортаға шығып сайыссын.
Кемпір: шалқан сенің бұл тілегіңді біз орындауға әзірміз. Өйткені біздің балабақшада өнерлі бүлдіршіндер жетерлік. Олай болса ортаға Алтын күз топтық сайысына қатысушыларды шақырайық.
Күз айы басталды,
Құстар қайта оралды.
Жапырақтар сарғайып,
Жерге түсе бастады.
Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуанышты күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.
Жүргізуші: ортаға сайыскерлерімізді шақырайық және әділқазылармен таныс болайық.
Әділдікпен баға берер топтарға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Қазылар алқасы біз салайық
Үздік топты таңдап бүгін алуға
1 – бөлім. Таныс болайық (Топтармен тансу).
Кіші топ таныстыру
Хидаят
Тал шыбығым бұралып
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарай иіліп
Аяулым
Картоп биздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз
Таңшолпан
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды
Қоянға да азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз
Ардақ
Ақтүсім бар қанталар
Қызыл түсім қанға нәр
Зияным жоқ біліп қой
Қызылшамын пайдам бар
Ортаңғы топ
Баяғы өткен заманда
Бағбан ата бағында
Алуан түрлі жемістер
Әдемі өмір сүріпті
Күз айының кезінде
Сауық сайран құрыпты
Бәрі жиналып келіпті
Беті әбден қызарған
Тәтті алма да келіпті.
(алма келеді)
Қыпша белі бұралып
Елдің бәрін тамсантып
Алмұртта келіп жетіпті
(алмұрт келеді)
Кештің сәнін келтіріп
Қызыл көйлегі желбіреп
Құлпынай келді айналып
(құлпынай келеді)
Кіп – кішкентай болсамда
Үйде отырғым келмейді деп
Өрік келді домалап
(өрік келеді)
Тіл үйірген дәмімен
Әбден жетілген
Жүзім де келіп жетіпті
(жүзім келеді)
Жеміс – жидек жиналып
Байлығын бізге әкелді
Саусақтың сәнін келтірген
Алтын күз қандай тамаша
Айда (Алма): Мен алмамын, алмамын
Тіл үйірер бал дәмім
Нұрасыл(Алмұрт): Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды
Қараса егер салғырт кім
Еркеназ(Құлпынай): Жапырақты тасалап
Өсетін жерім бақша – бақ
Күрең қызыл құлпынай
Менің атым – Құлпынай
Исламбек ( Өрік): Дөп – дөңгелек сары
Ішінде бар дәмі
Қызығасың көріп
Менің атым – Өрік
Жібек(Жүзім): Іші толған шәрбат
Дәмі сондай айбат
Үзесің бірден жүзін
Менің атым – жүзім
Ұран:
Бақта өсіп жайнаймыз
Дәруменге біз баймыз
Дастарханға сән берген
Балаларға әл берген
Жемістерміз біз деген.
Ән: Көңілді жаңбыр(ортаңғы топ)
2 – бөлім. Өнерліге өріс кең. (Күз жайында тақпақ, ән, би жарысы).
Ал балалар бастайық,
Қол соғайық тұрмайық.
Күзгі сайыста бүгінгі,
Шырқап әнге салайық.
Ортаңғы топ: Би: Жапырақтар
Тақпақтар:
Еркеназ: Жайдары күз жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толып ен далам,
Дариядай шалқыған.
Айда: Ой балалар, баладар,
Қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Исламбек: Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтындай сары күз.
Алтын ұя бақшада,
Сабақ бастар шағымыз.
Нұрасыл: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
3 – бөлім. Күз әлеміндегі ертегі ғажайыптары (қойылым)
Би Балапан
4 – бөлім. Жемістер мен көкіністерді орналастыр . (ойыны)
5 – бөлім. Күздің сыйы . (апликация)
Ән Балдырғандар маршы
6 – бөлім. Он саусағы майысқан шебер боларма екенсің (құрастыру)
Ән Біздің балабақшамыз
7 – бөлім. Күз ханшайымы мен ханзадасы (сән үлгісі).
Кемпір: Ал шалқан олай болса уәдеңде тұр.
Шалқан: Балалар мен сендердің өнерлеріңе тәнті болып әбден толысып жетілдім сендерге мені жер ана өзі жеңімпаздарды анықтауға және сыйлықтарын тапсыруға жіберді.
Кемпір: Олай болса әділқазыларға сөз кезегін берейік.
Осымен біздің Алтын күз шалқан ертегісі желісімен өткен тәбие сағатымызды аяқтаймыз.