Ризамыз бүгінге

Скачать

Сабақ тақырыбы: Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, есептер шығару.
Жалпы мақсаттар: Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау туралы білімді толықтырады, есептер шығару арқылы тақырыпты меңгереді, ұйымшыл болуға дағдыланады.
Оқыту нәтижелері: Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау туралы түсінік қалыптастырады, есептер шығару арқылы тақырыпты меңгереді, өзгенің пікірін сыйлауға дағдыланады.
Көрнекіліктер: Плакаттар, интербелсенді тақта, карточкалар
Дереккөздер: Оқулық, Блум таксономиясы, Білімділер сайты
Сабақ барысы: Уақыты Әдіс - тәсілдер Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Бағалау (формативті, суммативті)
Сабақ кезеңдері:
1 - кезең: Қызығушылықты ояту:
- ұйымдастыру 1 мин Шаттық шеңбері
Мұғалім ынталандыру мақсатында оқушыларды шеңберге тұрғызып, ұран айтқызады Оқушылар хормен:
Ризамыз бүгінге.
Ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!
- үй тапсырмасын тексеру;
- қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі; 4 мин
Домино
Өткен тақырып бойынша өрнек құрып мәнін табуға тапсырма береді Оқушылар тапсырманы топпен орындайды.

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы,
М. Ломоносов атындағы орта мектептің
математика пәні мұғалімі
Чүкүева Бақытжан Қазезқызы


Скачать


zharar.kz