Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ
Мақсаты: Түбірдің соңындағы қ дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша
жалғанған жағдайда қ дыбысы ғ дыбысына өзгеретіндігін түсіндіру;
Шапшаң жазуын, жылдамдығын байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
Әдемі, көркем жазуын дамыту
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу
Көрнекілігі: қ мен ғ дыбыстары, қима қағаздар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі Таңғы жаттығу
Таңғы жиын
Амандасу
Оқу құралдарын түгендеу
Психологиялық дайындық
Өткенді қайталау: Қима қағазбен жұмыс істеу
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой
Кәсі... – кәсі... і
мекте... – мекте... і
тала... – тала... ы
әде... – әде... і
жі... – жі... і
қора...- қора... ы
Сергіту сәті: № 5
Жаңа сабақ: Буын саны бірдей қ дыбысына аяқталатын сөздерді тауып, торкөзді толтыр. Сол сөздерге ы дыбысын қосып жаз. Қ дыбысы қандай дыбысқа өзгерді?
- - - - қ
- - - - қ
- - - - қ
- - - - қ
- - - - қ
Мысалға (қалақ, тарақ, мазақ, тауық, қызық)
Оқулықпен жұмыс: 136 жаттығуды орындайды
137 жат өлеңді оқып, көшіріп жазады.
Дәптермен жұмыс: тақтаға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер жазылады.
Тара...
Маса...
Мысы...
Тауы...
Оқулы...
Тырна...
Тақтамен жұмыс: көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз.
Топыра..., шыра..., жола... ы, жоры..., қуырша... ы, ая..., ла... ы.
Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыр.
Шығармашылық жұмыс: жаңылтпашты жатқа жаз.
Құлағы үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті
Құлақ сөзіне дыбыстық талдау жаса
Бекіту: Не өттік? Сабақты қалай меңгергеніңді тексеру
Жеке жұмыс: әр оқушыға қима қағазы беріледі, өз беттерімен жұмысты орындайды
Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз. Неліктен сол әріпті жазғаныңды дәлелде.
Қарма... ы, бұйры... ы, құла... ы, ла... тар, бұла..., қайма... ы.
Бағалау: мадақтау
Үйге тапсырма: