Мақсаты: балалармен жыл бойы өткен материалдарды ( Отбасы , Жыл мезгілдері , Үй жануарлары , Жабайы жануарлар , Дене мүшелері , Киімдер , Ойыншықтар , Сандар , Санамақтар , Жемістер , Көкөністер , Азық - түліктер , т. б.) бекіту.
Есте сақтау, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, сұрақтарға сөйлеммен жауап беру дағдыларын дамыту. Жай сөйлем құрастырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Кішіпейілділікке, қамқорлыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Негізгі меңгерілетін сөздер: өткен материалдардың сөздік қорлары
Қолданылатын көрнекілік құралдар: мазмұнды суреттер, үлестірмелі суреттер, проектор, слайдтар, тақта, қоржын, асықтар, ойыншық аю.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ойын, практикалық, АКТ.
Оқу іс - әрекет кезеңдері Педагогтың іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Амандасу.
Шаттық шеңбері:
Сәлем саған, алтын күн,
Сәлем саған, көк аспан,
Сәлем саған, жер ана,
Сәлем саған, достарым!
Сұрақ - жауап:
- Көңіл - күйлерің қалай?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін ауа - райы қандай?
- Сәлеметсізбе! Здравствуйте! Good morning!
Мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, шаттық шеңберін орындайды.
- Жақсы!
- Көктем
- Күн шуақты (бұлтты, жылы, салқын)
Ұйымдастыру - шылық - ізденушілік - Балалар, қане орнымызға отырайық!
Жыл мезгілдері туралы Бұл қай мезгілде болады? д о (СЛАЙД). Мақсаты: жаз мезгілдерінің ерекшелерін атап, бір - бірінен ажырата білу.
1. Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Жапырақ ашып,
Бәйшешектер басады
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады? (Көктем)
2. Өрік, алма,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай мезгілде болады? (Жаз)
3. Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай мезгілде болады? (Күз)
4. Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай мезгілде болады?(Қыс)
- Жарайсыңдар! Балалар біз күн сайын бөбекжайға келеміз. Біздің бөбекжай қалай аталады?
- Бөбекжайға бүгін кіммен келдіңдер?
Менің отбасым д о (СЛАЙД). Мақсаты: отбасы мүшелерін қазақ тілінде атай білуге үйрету.
- Балалар, қазір көктем мезгілі. Ендеше көзімізді жұмып, көктемнің таза ауасымен бір демалып алайық! СЛАЙД (табиғат дыбысымен) Көктемгі табиғат
- Көзімізді ашамыз. Қараңдаршы, бізге қонаққа Аю келіпті.
Аюмен амандасу.
- Аю өзінің қысқы ұйқысынан оянып, серуендеп бізге бөбекжайғаға келіпті. Аюмен бірге орманда тағы қандай жабайы жануарлар тұрады?
Жабайы аңдар - СЛАЙД Құйрығын тап д о. Мақсаты: аңдардың құйрығына қарап атау, бір - бірінен ажырата білу.
- Ал, енді үй жануарларын атап шығайық.
Үй жануарлары - суретпен жұмыс.
- Төлдерін ата д о. Мақс: үй жануарларының төлдерін атай білу.
- СЛАЙД Қай жануардың дыбысы д о. Мақсаты: жануарлардың дыбысын тыңдап, есту қабілеттерін дамыту.
- Орнымыздан тұрып, Кім жылдам? ойынын ойнайық. Ойын шарты: егер БАС деп айтсам, басымызды қимылдатамыз, ҚОЛ десем, қол шапалақтаймыз, АЯҚ десем, аяқты топылдатамыз, КӨЗ десем, көзімізді ашып - жұмамыз, МҰРЫН десем, мұрнымызбен терең демаламыз.
- Жарайсыңдар! Ендеше, аюмен бірге сергіту сәтін орындайық.
Сергіту сәті:
1. Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
2. Доп, доп
Топ, топ
Теуіп қалдым допты,
Доп жоқ,
Қап, қап,
Тап, тап!
- Балалар, қараңдаршы, жоғалтқан добымызды тауып алдым. Доп дегеніміз не?
- Дұрыс, доп – ол ойыншық. Тағы қандай ойыншық атауларын білетінімізді тексеру үшін аю бізбен Аудармашылар д о ойнағысы келіп тұр. Шарты: балалар шеңберде тұрады, ал мұғалім шеңбердің ортасында тұрып балаларға кезекпен кезек допты лақтырып, ойыншықтарды орысша атайды, балалар допты мұғалімге кері лақтырып, қазақша атауын айтады. Мысалы: кукла, кубик, медведь, заяц, машина, велосипед, пирамида, мяч.
Орнымызға отырамыз, балалар!
- Қазір, енді бәріміз бірге санамақтар айтып көрейік. Экранға қараймыз, тыңдаймыз:
СЛАЙД: Санамақтар
1. Домалайды тоқтамай,
Қызыл, сары, жасыл доп,
Қызыл, сары, жасыл доп,
Сонда бәрі неше доп?
2. Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Бесті беске қосқанда,
Болып шықты????????
ТАҚТАдан 1 - 10сандарды қайталау. Тура және кері санау.
СЛАЙД: Қанша? д о. Мақсаты: суретте берілген заттарды сандарға сәйкестендіру.
СЛАЙД: Азық - түліктер . Суреттен азық - түліктерді қайталау.
- Балалар, аю бізге бір тапсырма алып келген екен. Сиқырлы қоржын д о. Шарты: қоржында сандар жазылған асықтар және МЕН , ІШЕМІН , ЖЕЙМІН деген сөздер бар. Осы сөздерді қолданып сөйлем құрастыру керек. Мысалы: Мен айран ішемін. Мен бауырсақ жеймін.
ҚОСЫМША аю бізге бал мен балықтың суретін алып келіпті. Аюға сөйлемдер құрастырып берейікші:
Аю бал жейді.
Аю балық жейді.
- Балалар, аюдың орманға қайтатын уақыты келіпті. Қарны да ашыпты. Орманға барып бал жегісі келіп тұр екен. Ол бізбен қоштасып, сыйлық сыйлағысы келеді. Аю сиқырлы әріптер мен сыйлық береді.
СЛАЙД: Сиқырлы әріптер - Ө, Ү, Ұ. І, Ә, Қ, Ң, Һ, Ғ Орындықтарға отырады.
- Көктем
- Жаз
- Күз!
- Қыс!
- Біздің бөбекжай Золотой ключик деп аталады!
- Ана, әке, әже, ата, аға, т. б.
Отбасы мүшелерін қазақ тілінде атайды.
- Балалар көздерін жұмып, терең демалады.
- Балалар аюмен амандасады.
- Жабайы аңдарды атап, құйрықтарын тауып тақтаға жапсырады.
– Үй жануарларын атап, төлдерін атайды.
- Жануарлардың дыбыстардың дыбыстарын мұқият тыңдап, атайды.
Адамның дене мүшелерін атайды.
Орындарынан тұрып, қимылды ойын ойнайды.
Балалар сергіту сәтінің мәтініне сәйкес дене қимылдарын жасайды.
- Доп - ол ойыншық.
Аудармашылар ойынында балалар ойыншықтардың қазақшасын: қуыршақ, текше, аю, қоян, машина, велосипед, пирамида, допты атайды.
1. Үш доп
2. Он саусақ.
Балалар 1 - 10 - ға дейін тура және кері санайды.
Кейін экранда берілген заттарды санына сәйкестендіреді.
Балалар азық - түліктерді қайталап, Сиқырлы қоржыннан асықтар суырып, сөйлемдер құрастырады.
Аюға сөйлемдер құрастырып береді.
Балалар аюмен қоштасады. – Сау бол, аю!
Балалар, әріптермен танысады.
Рефлексиялық - түзетушілік - Балалар, бүгін бізге қандай жануар қонаққа келді?
- Аюмен бірге қандай ойындар ойнадық? Не туралы айттық?
- Бүгінгі ҰОІӘ осымен аяқталды. Сыйлықтарын тарату.
Қоштасу. – Сау болыңыздар! - Аю!
- Бұл қай кезде болады? , Құйрығын тап , Төлдерін ата , Киімдер , т. б.
- Сау болыңыз!