Ойша саяхат сабағы

Скачать

Алматы облысы, Райымбек ауданы
№3Кеген орта мектебі МДШО КММ
химия пәні мұғалімі Мухамдиев Акпаржан

Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Химиялық ұғымдар.
Сабақтың білім беру мақсаты: Ойша саяхат арқылы оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін ойша саяхат арқылы дамыту, ойлау жүйесін тереңдету, химия тілінде сөйлеуге үйрету. Реакция теңдеулерді құру теңестіру, есептер шығару, өз бетінше сөйлеуге шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс жүргізу барысында бірлесіп жұмыс жасау арқылы жауапкершілікке, іскерлікке баули отырып, жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойша саяхат сабағы.
Сабақтың әдіс тәсілі: Модульдік интерактивті оқыту технологиясын пайдалану. Топтық жұмыс, жекелей тапсырмалар.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы картасы, тапсырмалар, үлестірмелер, суреттер.
Ұйымдастыру.
5 оқушыдан тұратын 4 топ құру.
Әр топта 1 саяхат жүргізуші.
Үлестірмелі тапсырмалар.
Сары, жасыл, көк түсті 3 деңгейлік тапсырмалар.
Жетондар.
Сұрақтар мен жауаптар.
Жауап парағы.

Ашық саяхат Көмірші кентінен басталады.
Әр бекетте Химиялық ұғымдар тарауы бойынша тапсырмалар беріледі.
№ 1 - тапсырма.
Менен сұрақ, сізден жауап.
1 Химия пәні нені зерттейді?
2 Таза заттар деп қандай заттарды айтамыз. Қоспалар дегеніміз не?
3 Атом деген не? Молекула дегеніміз не?
4 Жай заттар дегеніміз не?
5 Күрделі заттар дегеніміз не?
6 Валенттілік дегеніміз не?
7 Зат массасының сақталу заңы. Табиғатта болатың күрделі өзгерістердің мәні мынадай: бір денеден қанша кемісе, басқасына сонша қосылады, яғни бір жерден қанша материя азайса басқа жерден ол сонша көбейеді деп орыстың (ұлы оқымыстысы, ұлы ғалымы
М. В Ломоносов 1748 ж жазған. Қалай түсінесіңдер?
Реторта тәжірибе
8 Атом молекулалық теорияның негізін салған кім?
9 Реагент деген не?
10 Өнім деген не?
11 Авогадро саны NA, өлшемі моль, кез келген заттың 1 молінде қанша молекула бар?
12 Химиялық реакцияның типтері
Жауап берген оқушыларға фишка беріледі көк 5
жасыл 4
сары 3


Скачать


zharar.kz