Тақырыбы: Құстар қанат қағады
Мақсаты: Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту. Ән айту барысында мәтініне назар аудара білулерін және таза да түсінікті етіп айтуларын қалыптастыру. Құстар түрлерін бір - бірінен ажырата білулерін дамыту. Ән айту, ән тыңдау, әуенді қимыл жасау арқылы музыка өнеріне қызығушылығын арттыру. Қимыл үйлесімділігін дамыту, көтеріңкі көңіл - күй сыйлау.
Іс - әрекет кезеңдері Жетекшінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық кезең
Балаларды құстар әуенімен сап бойымен жүргізу.
Құс киімін киген балалар екі қолды екі жаққа жая құс қимылын жасап ұшып келеді.
Құстар дыбысына қимыл - қозғалыс жасату.
Балалар дыбысты тыңдай отырып, ұшу, көлден су ішу, бір - бірінің құлақтарына сыбырласу әрекеттерін жасайды.
Ұйымдастырушылық ізденімпаздық
Балалардың назарын оқу іс - әрекетіне аудару.
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешкілерің келеді ме?
- Олай болса, бұл жұмбақ жәй ғана жұмбақ емес, әуенді жұмбақ екен. Барлығымыз қолымызды тізеге қойып, басымызды көтеріп, мұқият тыңдайық. және мына суреттерге назар аударайық..
Ән тыңдау. Бұл қай кезде болады? әнін орындау.
- Балалар, сендер бұл әуеннен не естіп тұрсыңдар?
- Суреттен не көрдіңдер?
Ән мәтіні туралы мағлұмат беру. Күз мезгілі туралы суреттер көрсету, сұраққа жауап алу.
- Сонда жұмбақтың жауабы не болады екен?
Балалар жетекшіні мұқият тыңдай отырып, жұмбақ әннің жауабын шешеді.
- Балалар, әрбір әннің немесе әуеннің өзіндік бояуы болады екен. Біз осы Бұл қай кезде болады? әуенінің қандай бояумен жазылғандығын табайықшы?
- Ендеше, мына түстерге назар аударыңдар! Күн ашық болғанда біз далаға шығып ойнаймыз я!
Бұл күн қуанышты күн екен. Ендеше, көңілді ән орындасақ қызыл түспен белгілейді екенбіз. Ал, біздің бүгінгі әніміз қандай?
- Көңілсіз. Олай болса, бұл түсті сары түспен белгілейміз. Бұл әннің түсі сары екен.
Күз туралы қандай ән білетіндіктерін сұрай отырып, Күз - жомарт әнін қимылмен айтқызу. Әннің қандай екпінде орындалып тұрғандығын, шығарған композиторды еске түсірту. Әнді барлық бала толық айтуын қадағалау.
Ән айту
- Балалар, біз бүгін жаңадан тағы да ән үйренеміз. Бүл әннің аты - Жаңбыр екен.
- Балалар, сендер жаңбырды білесіңдер ғой, я!
- Балалар, сендер жаңбырдың астында тұрып көрдіңдер ме? Жаңбырдың астында тұрып қалсақ үстіміз не болып қалады?
- Жаңбырдан немен қорғанамыз?
- Жаңбырдан кейін аспанға не шығады?
- Бүгінгі әннің аты Жаңбыр екен.
- Балалар, мына суретке назар аударыңдаршы? Мынау ненің суреті?
- Бұлттың, найзағайдың
- Балалар, мен сендерге әуелі әнді орындап берейін, мұқият тыңдаңдар.
Әнді орындап беру.
- Балалар, ән басталғанда ненің дауысын естіп тұрсыңдар?
- Жаңбыр тамшыларын және найзағайдың шатырлаған дауысын.
- Ән қандай екпінде орындалып тұр?
- Көңілді
Балаларға әннің алғашқы шумағын қайталата айтқызу. Әуенін аспапқа қосыла орындай білуге үйрету. Әнді айтар алдында тыныс алу керектігін, жетекшінің бас изеуімен бірге басталатынын түсіндіру.
- Балалар, біз енді осы әннің бояуын табайық.
- Жаңбыр жауған күні бұлттың түсі қандай болады?
- Біз бұлтты күнді қай түспен бейнелейміз?
- Сұры.
Өйткені бұлттың түсі сұры болады екен.
Әнді балалармен бірге қосыла орындау. Ән мәтінін таза, түсінікті етіп айтуларын қадағалау.
Тосын сәт.
Топқа қолына қолшатыр ұстаған қоян кіріп келеді.
- Балалар, мен далада тұрып қатты тоңып қалдым және үстім де су - су болып қалды. Сендердің қастарыңда тұрып жылынып алсам бола ма?
- Әрине, қоян. Біздің балалар өте мейірімді. Кел, біз сенің үстің тез кебу үшін билеп берейік!
Әуенді қимыл
Балалар қоянды ортаға алып, Құстар әуенді - қимылын жасайды.
Қоян балаларға рахмет айтып, қоштасып шығып кетеді.
Балаларды ойынға шақыру.
Ойын: Күн мен жаңбыр
Шарты: Қазір біз төбемізге қараймыз. Егерде күн шығып тұрса, музыкамен ортаға шығып билейміз. Ал, егерде төбемізде бұлт шығып тұрса ұямызға барып тығыламыз.
Ойын екі не үш рет қайталанады.
Рефлексиялық кезең
Балалардың түсінігін пысықтау.
Мадақтау. Қорытындылау.
Құстар әуенімен жүргізу
Балалар түсініктерін айтады, қойылған сұрақтарға жауап береді. Шеңбер бойымен жүріп, залдан шығып кетеді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Әуенді - жұмбақ шешу барысында күз бейнесін сурет арқылы таба біледі.
Меңгеруі: Жаңа әннің мәтінін таза, анық айтып, әуенге ілесе біледі.
Жасай білуі: Құстар бейнесін әуенге ілесе жасай біледі.