Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Құмырсқаның қанағаты.
Мақсаты:
Білімдік: ертегіні оқи отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру, мәнерлеп оқуға, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, рөлге бөліп оқу.
Дамытушылық: Оқушының қиялын дамыту, өз бетінше мазмұнын айтуға машықтандыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Халқымыздың салт - дәстүрін жалғастырып, құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, ойын, топтастыру
Көрнекілігі: Слайд, тапсырмалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Үй жұмысын тексеру.
а) Өлеңді мәнерлеп оқу.
ә) Атқа міну ойыны Әр аттың артына сұрақтар жасырылған. Атқа отыру үшін сол сұрақтарға жауап береміз.
1 - сұрақ. Тоқымқағар дегеніміз не?
2 - сұрақ. Өлеңнің авторы кім? Тағы қандай өлеңдерін білесің?
3 - сұрақ. Енші деген не? Қандай салт - дәстүрлерімізді білесің?
Әр қатардың оқушылары бір - бір атқа мінеді. Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Біз бүгін Бәйге жарысын ұйымдастырамыз.
Жаңа сабақ.
Бәйге туралы түсінік беру.
Біздің қазақ елі салт - дәстүрлерді өте құрметтеген халық. Бәйге ата - бабамыздан келе жатқан дәстүрлі жарыс. Бәйге жарысы үлкен тойларда ұйымдастырылатын болған. Бәйгеден озған тұлпар - үлкен сыйға ие болатын болған. Сендерге де осы жарыста үлкен табыс тілеймін!
1 - айналым. Мақал - сөздің мәйегі
1 - тапсырма: Мақалды тап.
Дәмді тағам
Жылы сөз қарын тойғызар
Қанағат
2 - тапсырма.
Еңбекпенен
Батаменен жер көгереді
Жаңбырменен ел көгереді
3 - тапсырма.
Ашу – дұшпан, білім
Еңбек
Ақыл дос
2 - айналым Ой - өріс
Қанағат сөзін топтастыру. Әр топ алдына плакат беріледі. Берілген уақыт ішінде кім көп сөз жазады?
Оқулықпен жұмыс.
А) Мәтінді үш топқа бөліп оқыту
ә) Өзара сұрақ қою.
- Оқымысты қандай еді?
- Ғұлама қандай көріністің куәсі болды?
- Құмырсқаның қандай қасиетін білесіңдер?
- Ақылды, қайратты, мықты.
Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады.
Допты көріп қуанып,
Тау екен деп қалады.
Дәптермен жұмыс
Осы мәтінге сәйкес келетін мақалды жазыңдар.
3 - айналым. Өнерлі - өрге жүзер
І - топ. Құмырсқаның суретін салу.
ІІ - топ. Өлең шығару
ІІІ - топ. Эссе жау Егер мен құмырсқа болсам...
Сабақты қорытындылау.
- Біздің аттарымыз шаршады. Бүл бәйгеде өзіміздің білімдерімізді көрсете білдік. Мен сендерге құмырсқа туралы қызықты мәліметтер әкелдім. Қане отырып тыңдайық.
Үйге тапсырма: Эссе Мен көңіліме не түйдім? Рөлге бөліп оқу. Мазмұнын айту.