Аюдың балды көруі

Скачать

Мақсаты: мәтіннің мазмұнын дұрыс жазу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу.
Міндеттері:
1. Мәтіндерді талдау дағдыларын қалыптастыру.
2. Белсенділіктерін дамыту;
3. Адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі:
Көрнекіліктер: мазмұндамалар жинағы
Әдіс - тәсілдер: өзіндік
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Қызығушылықтарын ояту:
Жұмбақ шешу:
Қорбаң - қорбаң етеді,
Орманды мекен етеді. (АЮ)
- Аю қандай аң?
- Оны сипаттаңдар!
- Оны неге аңқаулар қатарына қосады.
- Аюдың қандай пайдасы бар?
- Қандай зияны бар?
- Аю қандай тамақты сүйіп жейді? (бал)
- Бал қайдан шығады?
- Балдың пайдасы туралы айту.
3. Негізгі бөлім.
- Бүгін біздер Аю және бөрене деген тақырыпта мазмұндама жазамыз. Осы тақырыпты ести отыра, бұл мәтін не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың ойын тыңдау. Ендеше мұқият тыңдайық!
Мазмұндама.
Аю және бөрене
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасының ұясына кез болыпты. Ағаш басындағы ұядағы балды жегісі келді. Аю ағаш басын өрмелеп, жақындағанда, оған бөрене кедергі жасады. Ұядағы балды алам деп ұмтылғанда, бөренені итеріп жіберді. Қатты серпілген ауыр бөрене аюдың басына сарт ете қалды. Қара күшке сенген аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итерді. Сол кезде қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырды. (63 сөз)
Тірек сөздер: қалың орман, бөрене, бал, аю.
Сұрақтарға жауап алу.
1. Оқиға қай жерде болды?
2. Аю нені көрді?
3. Оған не кедергі болды?
4. Аюдың іс - әрекеті?
Жоспар:
1. Орман ішінде.
2. Аюдың балды көруі
3. Кездескенн кедергі.
Аюдың жарақаты.
3. Жаңа білімді бекіту:
Жоспар бойынша, сұрақтар бойынша, керекті сөздерді пайдаланып мазмұндама мәтінін дәптерге жазу.

4. Үйге тапсырма: Осы мәтін бойынша сурет салу.


Скачать


zharar.kz