Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат беру

Скачать

Білім саласы: Шығармашылық
Ұ - ған оқу іс - әрекеті: Мүсіндеу
Тақырыбы: Аққала
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат беру. Ермексаздың да қандай түсін алатыны беріледі. Ақ түсті пайдаланып отырып, ермексазды ширату, илеу әдістерін қалыптастыру. Әдептілікке, көркемдікке жұмылдыра тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Балалардың ойлау, есте сақтау, сұраққа жауап беру қабілетін дамыту.
Әдіс - тәсілдер: Таныстыру, түсіндіру, сұрақ – жауап сурет салдыру, өлең айтқызу.
Көрнекілігі:
Ә к Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың іс - әрекеті
Сабақ қимылды ойынмен басталады. Боран
Шарты: Ортада бір бала боран болады. Боран:- у - у - у - деп ортаны айналады, сол кезде балалар қашып үлгеруі керек.
Ойынға балалар белсенділікпен, қызығушылықпен қатысады.
Жылдың қай мезгілі?
Қыста ауа - райы қандай болады?
Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

Ендеше балалар тақтадағы суретке қараңдаршы? Онда не бейнеленген?
Демек, балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетімізде аққаламен танысамыз.
Аққала өлеңімен таныстыру (жаттау).
Аққала қардан жасалады, оның әрбір бөлшегі дөңгелектен тұрады. Алдымен үлкен дөңгелек, содан соң орташа дөңгелек, ал басы оданда кішілеу дөңгелектерден жасалады. Аққаланың сонымен қатар қолдары болады, оларда дөңгелек пішін болады. Оларды бірінің үстіне, бірін қойып, басына төртбұрышты қалпақ кигізіп, көзін қара балшықтан немесе көмірдің сынығынан, ал мұрнын үшбұрышты заттан немесе сәбізден жасауға болады.
Түсі қандай балалар?
Ал бізге қандай түсті ермексаз керек аққаланы мүсіндеу үшін?
Аққаланы мүсіндеу үшін бізге неше дөңгелек керек екен?
Ендеше балалар бізде аққала жасап көрейік.
Алдымен алақанның ортасына салып дөңгелетеміз, сонан соң оларды бір - бірінің үстіне қойып
жабыстырамыз. Қолдарын жабыстырып, басына қалпағын кигізіп, көзін жабыстырамыз, сонан соң аузын саламыз. Ермексазды ширатып мұрнын жасаймыз.

Мүсіндеп балаларға көрсету.

Балалардың жұмысын қадағалап, оларға көмектесу.
Сергіту жаттығуы:
Бой бүкпей тік ұста,
Еркін тұрып тыныста,
Жай оң қолды оң жаққа,
Жай сол қолды сол жаққа,
Қолды айналдыр бұлданбай,
Екі шеңбер сызғандай.
Сәл тынығып байқа да,
Он шақты рет қайтала. Қыс мезгілі.
Салқын, аяз, қар жауады т. с. с.
Шана, сырғанақ, қардан аққала жасап ойнаймыз.

Аққаланың суреті бейнеленген.
Балалар мұқият тыңдап, сұрақтар қояды.
Аққаланың түсі ақ.
Бізге ақ түсті саз балшық керек.
Бізге 5 дөңгелек керек.

Балалар қызығушылықпен аққаланы мүсіндеп шығады. Және өз жұмыстарын жасаған таныстырады.

Балалар әртүрлі қимыл қозғалыстар арқылы жаттығулар жасайды.
Балалардың жұмысын тексеріп, сабақтың соңында мадақтау.
Балалар өз ойларын толық айта алады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Өз жұмыстарын таныстырып әңгімелеуді біледі.
Түсінеді: Аққаланың түр - түсін, жасалу жолдарын түсінеді.
Қолдана алады: Мүсіндеуде ермексазды дұрыс қолдана біледі.


Скачать


zharar.kz