Сабақтың тақырыбы: 82 +18, 100 – 82 түріндегі жазбаша қосу және азай -
ту тәсілдерін пысықтау
Сабақтың мақсаты: 1. Толық ондыққа дейін толықтыру негізінде және
100 санын шығарып алудың жазбаша қосу, азайту тәсілдерін пысықтау, есепті шығару кезінде оны қолдануды қайталау;
2. Ауызша есептеу арқылы ойлау қабілетін арттырып,
тіл байлығын дамыту, таным белсенділігін арттыру;
3. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, сала -
уатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың назарын, зейіндерін сабаққа аудару
Математика ғылымы
Ой - санаңды кеңейтер
Ойлап, бойлап есепке
Аспай - саспай есепте
ә) Ой ширату
47 + 9=56
90 – 8=82
65 +12=77
79 + 6=85
70 – 59=11
48 + 9=57
66 + 12=78
65 – 7=58
8 + 19=27
43 + 40=83
78 – 12=66
7 + 87=94
38 + 32=70
50 – 23=27
9 + 26=35
16 + 21=37
59 – 20=39
6 + 34=40
- 7 - ші қысқы Азия ойындары қай қалаларда болды?
- Спорттан неше түрінен жарыс өтті?
- Неше елдің спортшылары қатысты?
- Қысқы Азия ойындарының бойтұмары не екенін білеміз бе?
- Ендеше, бүгін бізге қонаққа Ирби келіпті. Жай келмепті өзімен бірге тапсырма ала келген екен. Егер біз осы тапсырмаларды орындасақ, спорттық жарыстар өткен спорт кешендерімен танысамыз.
Ирбидің бірінші тапсырмасы:
Күннің реті:
Көркем жазу: 7 11 27
Неше таңбалы сан?
Тақ сан ба, жұп сан ба?
Қазақтар 7 санын қандай сан деп есептейді?
7 санына байланысты қандай ұғымдарды білеміз?
Санымен қатар, 7 - қысқы Азия ойындарының Қазақстан елінде тұңғыш рет өтілуі 7 санының қасиетті сан екендігін дәлелдейді.
Ирбидің екінші тапсырмасы:
2 - мысал. Топпен жұмыс. Әр топқа әр бағаннан бір өрнек жазды.
1 - топ ------------------------- 2 - топ ----------------------------- 3 - топ
90 – 58=32 ---------------- 57 + 13=70 ---------------------- 56 – 36=20
25 + 55=80 ---------------- 42 + 28=70 --------------------- 100 – 65=35
95см - 43см=52см ------ 55см +41см=96см ----------- 79см - 56см=23см
Ирбидің үшінші тапсырмасы:
3 - есеп
а) Қысқаша жазылуын толықтырып есеп құрастырып, шығару.
Музыкамен - 25б.
Бимен - 35б.------- 00б.
Спортпен -? б.
100 -(25+35)=40(б.)
Ж: 40 бала спортқа қатысты.
Ирбидің төртінші тапсырмасы:
ә) Кері есеп құрастыр:
Музыкамен -? б.------------------------------ Музыкамен - 25б.
Бимен - 35б.-------- 100б.-------------------- Бимен -? б.------------- 100б.
Спортпен - 40б.----------------------------------- Спортпен - 40б.
100 -(35+40)=25б.-------------------------------- 100 -(25+40)=35б.
Ж: 25 бала музыкаға қатысты.--------------- Ж: 35 бала биге қатысты.
Ирбидің бесінші тапсырмасы:
Дүкен ойыны.
Сөреде тұрған заттардың құны жазылған. Сатып алушы қанша ақшасы бар екендігін айтып, оған не сатып алатындығын айтады және қанша ақшасы қалатындығын есептейді.
Ирбидің алтыншы тапсырмасы:
Сергіту сәті
Бір дегенім – бокс десем,
Екімде мен ескек есем.
Үшім – үлкен футболым,
Төртім – тенис столым.
Бес дегенім – бессайыс,
Алты - алуан ат жарыс.
Жеті – жүзу, жүгіру,
Сегіз – Спартакиада.
Тоғыз – турист боп көру
Оным – Олимпиада.
Мен де спортшы боламын
Талай жүлде аламын!
Ирбидің жетінші тапсырмасы:
4 - мысал
Сызба бойынша есеп құрастыру:
Бер: үшбұрыш
Р= 26см ------------------- 26 – (14 + 9 ) = 3 (см) - с
а=14см
в=9см
с=? см
Ж: с=3см
Ирбидің сегізінші тапсырмасы:
Логикалық есептер:
Екі бидонда 8 л сүт бар. Егер бір бидоннан екіншісіне 1 л сүтті құйсақ, онда екі бидондағы сүт бірдей болады. Әр бидонда неше литр сүт бар?
Ж: бірінші бидонда 5 л, екінші биданда 3 л сүт болған.
Ирбидің тоғызыншы тапсырмасы:
Суретте неше үшбұрыш бар? (12)
Қай фигураның мәні үлкен? (үшбұрыш)
Ирбидің оныншы тапсырмасы:
Қорыту: бүгінгі сабақта не туралы айттық?
Үйге тапсырма: 5, 7 – мысал 173 бет
Бағалау: 7 - қысқы Азия ойындарының жабылу салтанаты Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болды. Сол себепті Ирби де бүгінгі сабақтың жеңімпазын анықтағысы келеді.
Сабаққа белсене араласып, көп жұлдызша жинаған оқушыларды мадақтап бағалау.