Элладада практика ғылымға қарағанда маңыздырақ болған. Бірақ Ежелгі Грецияда қазіргі саясаткерлерді ораторлар басқан болатын.Сол кезеңнің ораторы, тілі бай ұсталарының бірі Демосфен болатын. Ол алғаш рет бұқараға, әсіресе олардың ақыл-ойы мен эмоцияларына саяси әсер ету механизімдерін зерттеген болатын.Ол бұқараның екі типін бөліп көрсетеді:
1. «Эмоцияға көнгіш» бұқара.Бұндай адамдарға алдарында сөйлеп тұрған саясаткерге еліктеу эффектісін шақыру үшін, психологиялық жұғу механизмін қолдану керек, өйткені бұл топтағы бұқара ораторлардың сөзін сыншыл қабылдамайды дейді. Қазіргі уақытта бұндай топқа «Тоталитарлы» халықты жатқызамыз.
2. «Ақыл – ойға көнгіш» бұқара.Бұндай топ бұқарасымен қарым-қатынас жасағанда саясаткер логикалық аргументация механизімдерін қолдануы керек дейді.Ал қазіргі уақытта бұл топ «Демократиялық халық» деп аталады.
Ежелгі Грецияның саяси практикасында екі дәстүр бар:
1. «Демократиялық дәстүр» - саясатқа қатысушылардың теңдігін қарастырады;
2. «Аристократиялық дәстүр» - саяси процестегі белгілі бір саясаткерлердің типін, олардың ролін қарастырады;
Ежелгі Грек ойшылдарының бірі Аристотель «билу және бағыну» мәселесін анализдеуге тырысқан.Ол сол кезеңдегі көтерілісшілердің көңіл-күйінің түрін саяси бүлікпен байланыстырған болатын.Ол билікке қарсы шыққан бұқараны анализдей келе: біріншіден, көтерілісшілердің көңіл-күйінің түрін, екіншіден, олардың қандай мақсатқа ұмтылатындығын, үшіншіден, саяси бүліктің себебін білу керек дейді.Осылайша Аристотель саяси психологияның дамуына үлкен үлес қосқан.Бұл көзқарастардың барлығы сонау антика заманының өзінде – ақ адамдарды саяси – психологиялық мәселелер мазалағандығын көрсетеді.
Ежелгі Рим
Егер ежелгі грек ойшылдары саяси – психологияның тек эпизодтық феномендерін тіркесе , Ежелгі Римде саяси – психологияның лидерлері саяси зрттеулерді енгізген .Яғни бұнда Плутарха мен Светония зерттеулері пайда болған.Бұл саяси – психологиялық бастаулар ХХ ғасырдың психобиографиялық әдісі деп аталады.Плутарх ұлы саясаткерлердің өмрін сипаттай келе, саяси – психологиялық жүріс – тұрыстың моделін көрсетіп, «Дос пен дұшпанның психологиясын ескеріп , биле »деген принцип бойынша әрекет ет деген түсінікті қалыптастырған.
Осы грек ойшылдарының бірі Цицерон өзінің ораторлық өнер трактатында «саяси ораторларға» психологиялық моменттерді ерекше ескеру керек деп кеңес берді. Ол көбінесе соттық істі жеңіп шығуға тырысатын ораторларға өсиет жазған. Цицерон бойынша: оратордың сөзі тыңдаушылардың көңіл – күйін өзгертуге және барлық тәсілдермен оларды өзіне қаратуға бағытталуы керек дейді.
Жалпы Ежелгі Римнің саясаткерлері қолданбалы саяси – психологияда ораторлық өнер сферасын көп қарастырып , саяси – психологияның теориялық және әдіснамалық негізін жасаған.
Қайта жаңару дәуірі
Саяси – психология тарихындағы Н.Макиавеллидің ең алғашқы еңбегі «Мемлекет басқарушысы» деп аталады. Бұл еңбекте Макиавелли «монархтың» саяси жүріс –тұрысының психологиялық механизмін сипаттайды.Макиавеллидің түсінігі бойынша: «адамдар тұрақсыз, жақсылық істегенді білмейтін, ек жүзділік пен өтірік айтуға бейім » дейді. Сондықтан да «макиавеллизм» термині қазіргі саясаттың арамдығы мен екі жүзділігін анықтау үшін қолданылады.Жалпы макиавеллизм - адамдарды билеу мақсатында қолданылатын саяси іс - әрекетінің тәсілін білдіреді.
Қайта жандану дәуірі
Қайта жандану дәуірінде көптеген саяси ойшылдар саяси – психологияның дамуына көптеген үлес қосқан.Дж.Вико: «ұлттар үш түрлі табиғаттан өтеді , одан үш түрлі мінез, үш түрлі халықтар құқығы және осыған сәйкес мемлекеттің үш түрі қалыптасады дейді».
Дж. Локктың айтуы бойынша адам өз табиғаты бойынша тәуелсіз, еркін және ақылды болғандықтан табиғаттың заңдылықтарына бағынып, сол табиғатты өзгертіп , саналы қоғам құру тән деген.
Ал осы дәуірдің ұлы ойшылы Жан-Жак Руссоның айтуынша , адамдардың көбі көп және аз мөлшерде «ішкі адалдық принципі» болады деген.
Осы қайта жандану дәуірінің тағы бір ойшылы Ш.Л.Монтескье саяси институттарды талдай келе саяси процестердің жақсы өтуіне бұқаралық психологияның ролінің маңызды екендігін атап өтті.