Мұғалімнің аты - жөні: Абдуллаев Дулат Байдуллаевич
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық мейрамдары
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Қазақ халқының ұлттық мейрамдары жайында біледі.
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1 - деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері жайында мағлұмат алады.
2 - деңгей
(қолдану, талдау):
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойын түрлері жайында біледі, ажырата алады.
3 - деңгей
(жинақтау, бағалау):
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері, дәстүрлі ұлттық ойын түрлері жайында қосымша материалдар тауып, шығармашылықпен айналысады.
Тілдік мақсат: 1. Наурыз, март (парсыша нау (жаңа) және рыз (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз - Наурыз мейрамы деп те атайды.
2. Ұлыс — мекен, мемлекет, аймақ, ел, әкімшілік мағынасын беретін көне түркі сөзі.
Ресурстар: АКТ, карта, атлас карта суреттер.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, жаратылыстану
Алдыңғы оқу: Дүниетану пәні
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт
45 минут Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер
Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
3 минут І. Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Оқушылар ақ тілектерін білдіріп, бір - біріне жақсы көңіл күй сыйлайды..
ІІ. Топқа бөлу. Суреттер арқылы. Киіз үй, ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары.
ІІІ. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
Оқу - құрал, жабдықтарын тексеру.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
7 минут
1 - деңгей (білу, түсіну): Кім жылдам ойыны
1. Шешендік сөздер деген не? (қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі тілімен айтылған халық шығармасы, қанатты сөздер мен тұжырымдар).
2. Би - шешендердің қоғамда атқарған ролі (халық мүддесін қорғап, ұлттық рухты орнықтырады) 3
2 - деңгей
(қолдану, талдау):
Кім білгір ойыны
1. Өнер алды - қызыл тіл деген сөзді қалай түсінесіңдер?(Біздің ата - бабаларымыз жүйесін тауып, орынды сөйлеуді үлкен өнер санаған)
2. Қазыбек бидің Жоңғария қонтайшысына айтқан сөзін айтып бер? (“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм - тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.)