Мақал - тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз

Скачать

Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.
Ахмет Байтұрсынұлы

Адамзаттың айналып келіп ақырында аяқ тірер ақиқаты Ислам.
Лев Толстой

Шындық ақиқатты түсіндіруші.
Бауыржан Момышұлы

Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді
Шоқан Уәлиханов

Ақиқат маңызды емес, адамдардың ақиқат деп білетін нәрсесі маңызды
Пол Уотсон

Ең жақсысы – бетке айтылған ақиқат.
Уильям Шекспир

…Тәуелсiздiк – ата - бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман - аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.
Нұрсұлтан Назарбаев

Жүректілік басқа ізгі қасиеттерді дамыту үшін міндетті түрде қажет. Ерліксіз ақиқатты іздеуге немесе махаббатты аялап сақтауға бола ма?
Махатма Ганди

Ақиқатты тек ақылды көздермен ғана көруге болады.
Мұзафар Әлімбаев

Ақиқат жеңер жалғанды.
Міржақып Дулатұлы

Ақиқат қашан да аңғал келеді.
Олжас Сүлейменов

... ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
Абай Құнанбайұлы

Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша махаббатты қорғайды?
Махатма Ганди

Ашық айту - анық айту болғанымен, ақиқатты айту емес.
Асқар Сүлейменов

Көпшілік адам ақиқат деп санайтын дүние, ақиқатқа айналады.
Пауло Коэльо

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат.
Мәриям Хакімжанова

Ақиқат - адал айтыстан туады.
Шерхан Мұртаза

Ақиқатты себеп - салдар жолымен түсіндіру - Лейбництің ойлап тапқан амалы. Соған орай тәжірибеден салдарды иланымды деңгейге жеткізуге қажет себеп теріліп алынады.
Олжас Сүлейменов

Талқыға салған кезде ғана ақиқаттың беті ашылады.
Сократ

Ақиқаттың мекені — жүрек.
Әбіш Кекілбаев

Ақиқаттан атап кету — арға сын.
Дінмұхамед Қонаев

Қарапайымдылық, жақсылық пен ақиқат жоқ жерде ұлылық та жоқ.
Лев Толстой


Скачать


zharar.kz