Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңдеулер жүйесі
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңдеулер жүйесі тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау, есептер шығару.
дамытушылық: Шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға, өз жетістігін бағалай білуге дағдыландыру, ойлау, танымдық қабілеттерін, логикалық сауаттылығын, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.
тәрбиелік: экономикалық сауаттылыққа, үнемшілдікке, жинақылыққа, жаңа қоғамға сәйкес тәрбиелеу.
түрі: қайталау сабағы
әдісі: деңгейлік тапсырма, топтық жұмыс, стандартты емес есептер
көрнекілігі: интерактивті тақта, топтарға берілетін есептер, үлестірмелі
карточкалар, евро(ақшалар).
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
Сынып 3 топқа бөлінеді:
1 топ – “Western Union” банкі
2 топ - “Болашақ” банкі
3 топ - “Тетраэдр” банкі.
Әр топтың бастапқы капиталы 500 евро.
ІІ. “Біліміңді сынап көр” – акциялар сату, құны – 10 евро.
(Өткен тақырып бойынша пысықтау сұрақтары)
1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу анықтамасы.
2. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі.
3. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу жүйесін шешудің тәсілдері қандай?
ІІІ. “Білімді мыңды жығады” – тұтынушылар тарту. (оқулықпен жұмыс)
Деңгейлік тапсырма:
Пән мұғалімі: Муратова Шолпан Ергалиевна