Бүгін сіздер лагерьдегі ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ мен ҮЗДІК ТОП иелерін анықтайтын боласыздар

Скачать

Үздік тәрбиеші – 2014 байқауының жоспары

Мақсаты: лагерьдегі жұмыстарды саралау, оған сәйкес тәрбиешілер жұмысына сараптама жасау, үлгілі де өнерлі топ пенен үздік тәрбиешісі анықтау, сахна мәдениетін, әдептілікті қаншалықты игергендерін бақылау, рапорт тапсыру әдістерін тексеру.
Армысың, достар, төрдегі!
Армысың, жап - жас өрендер!
Қырандай самғар көктегі
Армысың, абзал көрермен!

Құрметті АЛАУ жазғы сауықтыру алаңының демалушылары мен тәлім беруші ардақты тәрбиешілері! Мінеки, көптен күткен арманымыз орындалып, демалысымыз мәресіне жақындап келеді. Бүгін сіздер лагерьдегі ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ мен ҮЗДІК ТОП иелерін анықтайтын боласыздар!
Бұлақ көрсе, көзін аша білетін,
Бала десе, бірге ойнап күлетін.
Тәрбиеші апайлар бар әнекей,
Мейіріммен елжіретіп жүретін.
Ендеше көпшілік қошеметімен ортаға әсем әуен аясында әдемі жырмен талапкерлерді шақырамыз! Олар:
Жас та болса іскер әрі өнерлі,
Жүректерде күй қалдырған әсерлі.
Шақырайық зор құрметпен сахнаға
Жас қыраннан тәрбиеші Әсемді. Ортаға ЖАС ҚЫРАН тобын шақырамыз!
Талапкер Елубаева Әсемгүлдің тобында 20 бала бар. Олар АБВГ - дейка интеллектуалды ойынында 1 - орын алды, Кім шапшаң? эстафеталық жарысында 1 - орын, футболдан ұлдары 1 - орын, Сымбаттылық - сұлулық сән үлгісінде 1 - орын, Балалық жан жүректен эстафеталық жарысында тағы да 1 - орын, Болашақ Ақтау атты құмнан қалашық жасау жарысынан 4 - орын, Үздік информатик жарысында 2 - орын алды.

Жер құлпырып хош иісті гүлімен,
Ұйықтамаған сайыс үшін түнімен.
Сап - салмақты Гүлзададай апайды
Шақырамыз әсем саздың үнімен. ЖАУҚАЗЫН тобын қарсы алайық!
Талапкер Тасжанова Гүлзаданың тобында 25 бала бар. Олар интеллектуалды ойында 1 - орын алды, Кім шапшаң? эстафеталық жарысында 2 - орын, Сымбаттылық - сұлулық сән үлгісінде бас жүлде, Болашақ Ақтау атты құмнан қалашық жасау жарысынан 1 - орын, Әнші болам мен ертең жарысында балалары Жезтаңдай әнші , Мың бұралған биші номинацияларымен марапатталды, Үздік информатик жарысында бас жүлде алды.

Қандай бақыт тобың болса жан - жақты,
Білімімен салса ойға қармақты .
Айгөлекті алға бастап келеді
Мадинадай тәрбиеші ардақты. АЙГӨЛЕК тобын қарсы алайық!
Талапкер Әділханова Мадинаның тобында 25 бала бар. Олар Кім шапшаң? эстафеталық жарысында бас жүлде, Лето у дракоши сайысында 2 - орын, Кім тапқыр байқауында 1 - орын, Сымбаттылық - сұлулық сән үлгісінде 3 - орын, Болашақ Ақтау атты құмнан қалашық жасау жарысынан 3 - орын, Әнші болам мен ертең жарысында баласы Жұмақан Аида Жезтаңдай әнші атанып, 1 - орын алды, Мың бұралған биші номинациясымен марапатталды, Үздік информатик жарысында 3 - орын алды, Дені саудың жаны сау жарысында бас жүлдені иеленді.

Сайысқанда тату болған жеңеді,
Татулықпен әрбір ісің өнеді.
Балдырғанға таң қалады бар Алау
Венераның тобы ғой ол себебі. БАЛДЫРҒАН тобын қарсы алайық!
Талапкер Жұбанова Венераның тобында 20 бала бар. Олар Кім шапшаң? эстафеталық жарысында бас жүлде алды, Сымбаттылық - сұлулық сән үлгісінде 2 - орын, Болашақ Ақтау атты құмнан қалашық жасау жарысынан 1 - орын, Әнші болам мен ертең жарысында балалары Жезтаңдай әнші , Мың бұралған биші номинацияларымен марапатталды, Үздік информатик жарысында 3 - орын алды.

Құрметті көрермендер, талапкерлер! Өздеріңіз көріп отырғандай, алдарыңызда байқауға қатысатын тәрбиешілер мен топтардың өнерлеріне баға беретін төрешілер отыр. Оларды да таныстыра кетейін:
Басшы өзі ақыл айтар үнемі,
Балаларға жылу шашар жүрегі.
Талапшыл да әділ баға беретін,
ЗАРЯ апай – мектептің ол тірегі. Заря апайға қошемет көрсетелік!

Ағылшынша, қазақша да қиналмай,
Бір бойына сан тілді ол жиғандай.
РОЗАдай апайыңыз бар жерде
Орындалар әсем ән мен күй қандай! Роза апайға құрмет көрсетейік!

Сезімімен көңілдерге гүл еккесін,
Қалайша ақын жүрек жыр етпесін?
Сіздерге әділетін ала келді
Жарқын жанды тілші апай ТІЛЕКТЕСің.

Әділ қазылар ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ мен ҮЗДІК ТОП иелерін сан қырынан анықтайды. Талапкерлердің реттік номерін білу үшін ортаға тәрбиешілерді жеребе суыруға шақырамыз. (жеребе қазылар үстелінде)
Талапкерлер мынадай сынақтардан өтеді:
1. Таныстыру (топ тәлімгерлері өздерін әр түрлі тәсілдермен таныстырып шығады, ал әр топ рапорт тапсырады);
2. Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас (тәлімгерлер өнерін тамашалау, тобынан
бір топ бала көмектесе алады);
3. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда (бала тәрбиесіне байланысты викториналық және ситуациялық сұрақтар, мұнда мерген тәрбиеші садақпен шарды атып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді);
4. Таңғажайып киім үлгілері (мұнда киімді өз қиялымен әшекейлеуі, жарасымы, сахнада өзін соған сәйкес ұстай білуі, мәдениеті ескеріледі);
5. Қызықты өткен күндер - ай бөлімі. Мұнда лагерьге әнмен не жырмен, бимен, қолдан жасалған бұйымдармен, суреттермен т. б. әр түрлі тәсілдермен естеліктер қалдырылады.

Жүректерге терең сүңги бойлайтын,
Мұңайсаңыз жылу бермей қоймайтын.
Тәрбиешілер бізді нұрға бөлейді,
Жаны дарқан балаларды ойлайтын.
1 - СЫНАҚ – таныстыру (жеребе бойынша реттік номерімен кезекпен шақырады)
Лағындай еліктің
Бойын түзеп сәндеген
Жасап бізге тосын сый
Келді араға әншілер
Әсем сазды әнменен
Айгөлектің әншілері Шакирова Диана мен Жиделі Ақмаржанның орындауында АНАШЫМ әнін тыңдаңыздар!

Рақмет, өркендерің өссін! Келесі бөлімге көшеміз:
Әнмен, күймен, бимен, жырмен өнермен
Өркен өсіп, мерей артып, көгерген.
Тәрбиеші апайлардың сан түрлі
Дайындаған өнерін көр, көрермен!
2 - СЫНАҚ - Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас (тәлімгерлер өнерін тамашалау, тобынан бір топ бала көмектесе алады); жеребе бойынша реттік номерімен кезекпен шақырады
Әр сайыстың сыны да көп өтпелі,
Екі апта - көңілге гүл еккелі.
Өнерлерін тамашалап көрелік,
Қайда екен Жас қырандар көктегі? – деп, Жас қыран тобынан келген биші қыз Жаңбырбай Ақмаралды Айгөлек биімен қарсы алайық!

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда,
Білекті бірді жығар алысқанда.
Қанеки, кімнің ойы ұшқыр екен
Білімнің бәйгесінде шабысқанда.
3 – СЫНАҚ - Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда (бала тәрбиесіне байланысты викториналық және ситуациялық сұрақтар, мұнда мерген тәрбиеші садақпен шарды атып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді) жеребе бойынша реттік номерімен кезекпен шығады.
1 - cұрақ:
1Лагерьде болған жағдай: балаңыз сымбаттылық сайысына қатыспақ болды. Кенет ол терезеге қарап ойланып кетті, оның ойына бір нәрсе түсті, фантазиялық сән үлгісіне ешкімнің ойына кіріп шықпайтын бір ой келді. (жапырақ емес, пакет емес, мата емес бір нәрседен киім киіп шықпақ болды.) Ол қандай нәрсе болды екен?
2. Топтағы балаларыңыздың атын жылдам атап бере аласыз ба?
2 - сұрақ:
1. Сізге бір ата - ана баласының телефоны жоғалғанын айтып, қатты ашулы келді, басшыларға шағымданбақ екен. Телефонға соғып қарасам, ешкім көтермейді, ол жоғалмаған, осы лагерьде ұрланған, ол қымбат телефон ,- деп сізді сөйлетер емес. Ал, қане, тағы да соғып көрейікші ,- деп еді, телефон даусы сіздің сөмкеңізден шығып жатыр. Сіз қандай әрекет жасар едіңіз?
2. Ұл мен қыз тәрбиесіне байланысты бірнеше мақал не нақыл сөз айтыңызшы.
3 - сұрақ:
1. Директор ағай мен Заря апай, Айсәулелер лагерьдегі сіздің бір сабағыңызға кіріп келді. Ол кезде сіз балалармен қосылып ән айтып жатыр едіңіз. Сол әнді қазір балаларыңызбен бірге шырқап бере аласыз ба?
2. Сіз қазір қандай күйдесіз? Өзіңізді сипаттап беріңіз.
4 - сұрақ:
1. Аудан, облыстан кенет білім бөлімдерінің өкілдері үнсіз келген екен. Олар сіздің топқа кіріп келсе, балалар саны - 12. Ал сырттағы тақтада Топта 25 бала бар деп жазылған. Сіз қалай жол табасыз?
2. Әнұран сөзін жатқа айтыңыз.
Сылдырласа тауда әсем бұлақтар,
Оған қарап, көз тоймаса, жыр ақтар.
Тәнті болып жыр тыңдайық бәріміз,
БАЛДЫРҒАНның өнеріне құлақ сал! Сахнаға БАЛДЫРҒАН
тобынан келген сөз шебері СЕМБАЕВА ҚҰРАЛАЙды шақырамыз. Мәнерлеп оқу Қазақстан 20 - да .

Мәдениетті ұсынатын баршаға,
Көрермен топ, таңырқа, тек шаршама.
Таңғажайып сән үлгісін көрсетер
Сымбатты, сұлу тәрбиешілер ортада.
4 - СЫНАҚ - Таңғажайып киім үлгілері (мұнда киімді өз қиялымен әшекейлеуі, жарасымы, сахнада өзін соған сәйкес ұстай білуі, мәдениеті ескеріледі);
жеребе бойынша реттік номерімен кезекпен шығады.
Айды аспанға бір шығарар шындаса,
Сан өнермен қуаттанған ол да аса.
Біздің Алау лагерінің өркені
Өсер ме еді Жауқазындар болмаса! Топ өнерін тамашалаймыз!

5 - СЫНАҚ - Қызықты өткен күндер - ай бөлімі. Мұнда лагерьге әнмен не жырмен, бимен, қолдан жасалған бұйымдармен, суреттермен т. б. әр түрлі тәсілдермен естеліктер қалдырылады. жеребе бойынша реттік номерімен кезекпен шығады

Жаздың бір жайма шуақ күндеріндей
Қалған жоқ жырдан шашу гүл берілмей.
Бишілер әсем биін ала келді
Жинаған қырдың қызыл гүлдеріндей,- дей отырып, сахнаға Айгөлектің бишісі Берікбаева Раулананы шақырайық. Өзбек биін ала келді. Қабыл алыңыз!

Сайыс бөлімдері аяқталды. Әділ қазылар төрелігін айтқанша, өнерлі ұландар болса, сахнаға шығарайық!

Әділ қазылар төрелігін айтады, марапаттайды.
РАҚМЕТ!


Скачать


zharar.kz