Автор орындығы әдісі бойынша ертегінің мазмұнын сұрау

Скачать

Тақырыбы: Қырық өтірік ертегісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ертегінің мазмұнын ашып, талдау.
Дамытушылық: ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу.
Тәрбиелік: көркем әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу, жамандықтан аулақ болып, адамгершілік тәрбие беру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, таратпа парақшалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу
ә) түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Мен егер батыр болсам... ертегі құрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ертегі оқиғасы проза түрінде де, өлең түрінде де болады. Қырық өтірік ертегісі – соның бір мысалы. Бұл ертегінің басқа ертегілерден өзгешелігі айтушыдан аса таланттылықты талап етеді. Ертегінің шартының өзі – бір түйір шындық қоспау керек. Сюжетінің тартымды, қызық болатыны да сондықтан. Ал өлең сөзбен баяндауда автор оқиғаны баяндап жеткізумен бірге өлең сөз талабын (ұйқас, ырғақ, т. б.) орындауы қажет.

ІV. Бекіту.
Автор орындығы әдісі бойынша ертегінің мазмұнын сұрау.
Ділмәр - тілге шешен, сөзге бай
Сүймен - құрал түрі
Кездік – кішкентай пышақ
Абжылан - үлкен жылан, қан ішер


Скачать


zharar.kz