Балаларды шеңберге тұрғызу

Скачать

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат.
Білімділік: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізуге, суретке көңіл қойып мазмұнын түсіну, ойларын дұрыс жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік: Балаларды жақсылық жасауға, қолғабыс етуге үйрету, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын келтіріп ойнауға баулу. Сөздерді анық айтуға, тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту. Конструктордан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау.
Көрнекілік: Шалқан ертегісіне арналған бас қалпақшалары, Үш аю ертегісінің суреттері, конструктор, жасыл түсті бояу, ақ қағаз, Жеті лақ ертегісіндегі ешкінің суреті, Орман, егін алқабы мен жол белгілерінің суреттері.
Жаңа сөздер: Поезд, саяхат, дүрбі, аялдама
Билингвиалды компонент: қыс - зима - winter, ертегі - сказка - fairy tale.
Барысы: Балаларды шеңберге тұрғызу.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушы. Жылулық шеңбері:
Көңілдіміз күлеміз
Ертегіні білеміз
Шағын біздің үйіміз
Тату тәтті жүреміз Балалар жылулық шеңберін қайталап, орындайды.
Іздену - барлау - Балалар бүгінгі күніміз сәтті өту үшін бір бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.
- Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз.
Алдымен менің қолымдағы сиқырлы дүрбімен қарап көрейін саяхатымыздың қалай болатынын,
- О, біздің саяхатымыз қызықты болады екен, жарайды, онда кеттік. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік.
- Аялдаманың атын табу үшін жұмбақтың жауабын табамыз.

Ее тянут бабка с внучкой,
Кошка, дед и мышка с Жучкой.
( Репка)
Ата, әже, мысық, ит.
Бірге тартып шығарды?
(Шалқан).

I Егін алқабы. Балалар Шалқан ертегісін сахналау керек, ертегіні қойып беріңдерші.

Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен.
(Аю)

Кто в глухом лесу живет,
Любит есть малину, мед?
(Медведь)

II Ертегіден үзінді, аялдама сұрақтар қояды.
Мынау аялдамаға қызық суреттер ілініп тұр. – Бұл қандай ертегі?
- Үш аю
- Осы ертегіні айтып беріңдер суреттерге қарап.
- Суретте не салынған?
- Қыз аюлардың үйіне қалай кезікті?
- Ал мынау суретте не көріп тұрсыңдар?
- Қыз не істеп жатыр?
- Ол не үшін аңдып тұр?
- Ал мынау суретте не көріп отырсыңдар?
- нені сындырды?
- Ең соңғы суретте не көріп отырсыңдар?
- Қыз қалай құтылды?.

Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп - теріп аламыз
Қалтамызға саламыз.

Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен.
(ешкі)

Молоко её полезно,
В огород она залезла,
И глядит "во все глаза" –
Длиннорогая...(коза)

ІІІ Мына аялдаманың аты жоқ екен. Сендер мына жануарды таныдыңдар ма? Қай ертегіден?
- Сендерге ешкі лақтарына орамжапырақ жасап беруін сұрайды, жасап бере аласыңдар ма?
- Аю, саған біздің ұл балаларымыз үйшік соғуға көмектеседі.
Аю мен Ешкі балаларға рахмет айтады, ал балалар сиқырлы пойызға отырып, Ертегілер әлемі бекетіне барады.
Қорытынды: Тосын сәт. Бауырсақ хат тастап кетеді
Балалардан сұрайды:
- Мен кімнен қаштым?
- Бауырсақ: Мені түлкі жеп қойған жоқ мен оны алдап, қашып кеттім. Мен туралы бәрін білесіңдер, енді өздеріңнің қайда барғандарыңды айтып бере аласыңдар ма? – дейді.
Сендер не көрдіңдер, не істедіңдер?

Балалар дүрбімен қарайды
Жұмбақтың шешімін табады

Шалқан ертегісін қояды.
Балалар жарты шеңбер құрып отырады.
Сұрақтарға жауап беріп, суреттер бойынша әңгімелейді.
Бауырсақтың сұрақтарына жауап береді.

Сергіту сәті - балалар сергіту сәтінің сөзіне қимылдар жасайды.
Балалар ауа дегенде қолдарын жоғары көтеріп, от дегенде айналдырып, жер дегенде түсіреді.

Балалар ойларын, түсінгендерін айтып, сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті - Қорытындылау Сұрақ жауап арқылы қорытындылау. Өткенді естеріне түсіреді.

Болжамды нәтиже:
Білуі керек: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын ойнап келтіруді, саусақпен сурет салуды, конструктордан өз еріктерімен құрастыруды білулері керек
Қалыптасқан әдет: Оқу іс әрекетіне белсене араласады.
Істей біледі: Сөздерді анық айтып, ертегіні түсіндіреді, кейіпкерлерін біледі


Скачать


zharar.kz