Әдепті бала - арлы бала
Мақсаты: оқушылар бойында ата - анаға деген сүйіспеншілікті арттыру, үлкенді құрметтеуге, ойлауға тәрбиелеу.
Мұғалім: Ана - сая болар бағың болса,
Әке – асқар тауың дейді қазақта.
Әке мен ананың орны адам адам өмірінде ерекше емес пе?!
Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің сыныпта ата - ана бала арасындағы махаббаттың бір айшығы ретінде ұйымдастырылып отырған Қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Отбасы - қоғамның ең кіші бөлшегі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды, ата - ананың берген тәлім - тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне деген сенімділігі баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәт те естен шығармауында. Бұл жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, адамшылығының белгісі.
Ата - ананың үміт - арманы - баласы. Сондықтан ананың ақ сүтін ақтау, әкенің адал күшін аяқтау, яғни өз болашағымызды сақтау мақсатында осы іс - шара ұйымдастырылып отыр.
1 - жүргізуші: Халқымның әні қандай, жыры қандай,
Шешеннің нәрі тамған тілі балдай.
Шымырлап өн бойыңа тарайтұғын,
Ал биі нәзікжанды балқытқандай!
2 - жүргізуші: Иә, Ата - ананың парызын өтеу - сенің парызын деген сөздер кішігірім жақсылық нышандарына бастау боларына сенімім мол.
1 - жүргізуші: Әйел затының сұлулығы, әдептілігі, ер азаматтың қажыр - қайраты, намыс жігері т. б. қасиеттер бала бойына берілетін ең асыл қасиеттер екендігі бәрімізге белгілі. Ендеше осындай ардақты ата - аналарымызға арналған бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде болмақ.
2 - жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қияға қиялменен қараштайды.
Шәкірттер шын жүрекпен тебіреніп,
Өнерлі ата - аналар қалықтайды,- дей келе 1 - бөліміміз Кел, танысайыққа кезек берейік.
(Әр топ өздерін таныстырады)
2 - жүргізуші: Қыз емес, қыздың аты - қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлеме,
Халқымның сақтай білген ізгі салтын,- деп халық әнінде құр босқа айтылмаған. Ендеше Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ түрейік.
1 - оқушы: Мұхаммед Пайғамбар: Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!
2 - оқушы: Кемал Кеніш: Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, асқар тауы, ақылшы тірегі - әке өзіңсің .
3 - оқушы: Дулат Бабатайұлы: Ата - ана ақылы - қызылған қара кенмен тең
4 - оқушы: Махмұд Қашқари: Атасынан ақыл алса – тентек ұл да жөнделер .
5 - оқушы: Виктор Гюго: Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя .
6 - оқушы: Қадыр Мырзәли: Қазақ әйелі - бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі
7 - оқушы: Ғабит Мүсірепов: Ата - бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан .
8 - оқушы: Ғабиден Мұстафин: Балаға сіңірген ата - ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол - өле - өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат .