Тақырыбы: Білімді жастар – ел болашағы.
Сайыстың мақсаты:
а) Оқушылардың білімдерін ортаға салу және білімдерін тексеру.
ә) Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту.
б) Туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Сайыстың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, ой қозғау
Сайыстың көрнекілігі: слайд, топшамалар, даналық сөздер.
Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Бұл кезеңде бүгінгі болатын сайыстың тақырыбы, мақсаты, тәрбиелік мәні айтылып, қатысатын сыныптар таныстырылады.
ІІ. Кірісе бөлім
Мұғалім: Құрметті оқушылар, әділқазылар, ұстаздар. Білімді жастар - ел болашағы атты сайысымызды бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырып, таныстырып өтемін. 1 - 12 оқушы
Сайысымыздың әділ бағасын беруші қазылар алқасын сайлап алайық. Алқа мүшелерін сайлау.
Сайысымызды бастамас бұрын сабақ бағдарламасымен таныстырып өтейін
1. Бәйге
2. Жеті жұмбақ
3. Дода
- Сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілеймін!
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе - бірің еріңдер.
Білім – білікті тексеріп,
Қатысып ойынға көріңдер!
Кім жүйрік ойға, сол алда
Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Бүлдіршіндер алау оттай жалында, дей отырып сайыстың бірінші кезеңін бастаймыз. Сайысымыздың бірінші кезеңі Бәйге деп аталады. Әр балаға 10 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі.
1 - басқарушы: Асылзат
1. Денені өлшейтін құрал (градусник)
2. Адамдардың қатынас құралы (тіл)
3. Қан соратын жәндік (маса)
4. Өсімдіктің мүшелері (жапырақ, сабақ, тамыр, гүлі, тұқымы)
5. Ұзындық өлшем бірлігі (км, м, дм, см, мм)
6. Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров
7. Абылайханның шын аты (Әбілмансұр)
8. Қазақтың атақты суретшісі (Ә. Қастеев)
2 - басқарушы: Нұрдәулет
1. Мемлекеттік рәміздерді ата - Әнұран, Елтаңба, Ту
2. Әнұран қандай жағдайда орындалады – салтанатты жиындарда
3. Есту мүшесі не - құлақ
4. Үш биді ата - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би
5. Күйді орындайтын адам кім - күйші
6. Қай жануар жылға ілікпей қалды - түйе
7. Кел, балалар, оқылық! өлеңін кім жазған - Ыбырай Алтынсарин
8. Балды жақсы көретін аң – аю
3 - басқарушы: Айдос
1. Қ Р-ның әнұранының авторларын ата.
3. Біз қай тілде сөйлейміз – қазақ
4. Көру мүшесі не - көз
5. Біздің президентіміз кім – Нұрсұлтан Назарбаев
6. Аюдың баласы не деп аталады – қонжық
8. Бие сүтінен не дайындалады қымыз
4 - оқушы Аманғали
1. Елтаңбаның авторы кім -
2. Қай жануар жылға ілікпей қалды – түйе
3. Кітап сөзінің бас әріпі – К
4. Екінші қазақ ғарышкері - Талғат Мұсабаев
5. Мезгілдерді ата – қыс, жаз, көктем, күз.
6. Қазақстан Республикасының Астанасы – Астана
7. Тиін нені жақсы көреді – жаңғақ
8. Иіс сезу мүшесі – мұрын
Әділ қазылар алқасынан сайыскерлердің бағасын берулеріңізді сұраймыз.
Құр оқи білгенмен, ештеңе шықпайды, әлсін - әлсін ойыңды қозғап қой, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады.
Көп адам өзінің не тындырып жүргенін, өзінің ақыл – қабілетінің қай деңгейде екенін біледі. Көп білген сайын адам білім – танымға тойымсыз келеді. Мұхаммед пайғамбар мен дана Шәкәрімді тау - тас кездіріп ойландырған – сол білім – танымға асықтық. Осыған керісінше, кейбір адам аз білген сайын, өзіне - өзі риза болады, көңілге тоқ келеді.
Білім де талпынсаң қонады. Ит маржанды не қылсын деген ұлы Абай. Ал тереңге бойлау үшін талап керек.
Сырлары көп білімнің,
Шешілмеген әлі де,
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне.
Сараланар сайыскерлер білімі
Математика, ана тілі, дүниетану пәндерінен.
Білімділер озар бүгін ілгері,- дей отырып келесі кезекте Жеті жұмбақ сайысына кезек береміз.
Екеуі арнайы сұрақ, қалғаны бағдарламаға сай сұрақтар. Бұл ойынды ұпайы ең аз ойыншы бастайды.
20...... 20....... 20
30...... 30....... 30
40...... 40....... 40
Сол жақтағы 20 – Бейбарыс кім?
Оң жақтағы 20 – Жуан дауыстылар қандай?
Ортадағы 20 - Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның үзіліп,
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі енді ілініп,
Жапырақтың нешеуі? (4)
Сол жақтағы 30 - Қайдан келдің бауырсақ өлеңінің авторы? ( Ө. Тұрманжанов )
Оң жақтағы 30 - Еңбек тақырыбында бірнеше мақал мәтелдер айтып бер (Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей)
Ортадағы 30 - Жіңішке дауыстыларды ата.
Сол жақтағы 40 – Отан туралы өлеңді жатқа айт
Оң жақтағы 40 - Дәл көздеп ататын адам – мерген
Ортадағы 40 - Адам болам десеңіз... өлеңінің авторы кім? Жатқа айтып бер.
Әзіл қазылар алқасынан сайыскерлердің бағасын берулеріңізді сұраймыз.
Келесі бөлімде дода
Гуманитарлық бағыт бойынша
1. Бір өркешті түйе қалай аталады?
2. Жаңылтпаш айт
3. Батырлық, ерлік турасында мақал – мәтел айтып бер.
4. Ас қорыту мүшесін ата.
5. Ана тақырыбына жазылған қандай шығармаларды білесің тақырыптарын ата.
6. Сезім мүшелерін ата.
Жалпы ғылымдар
1. Роза Рымбаева кім?
2. ҚР Әнұранының авторлары кім?
3. Жұмадан кейін қай күн?
4. Қасиетті ай?
5. Спорттың түрлерін ата
6. Қазақтың қандай салт – дәстүрлерін білесің?
Жаратылыстану бағыты
1. Геометриялық фигураларды ата.
2. Математикалық амалдар нешеу және оларды ата.
3. Азайту амалының компоненттерін ата.
4. Уақыттың өлшем бірлігін ата.
5. 1 кг – қанша грамм
6. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айтып бер.
Әзіл қазылар алқасынан сайыскерлердің бағасын берулеріңізді сұраймыз.
Ал ортаға келіңдер
Дұрыс жауап беріңдер
Қазылар алқасынан топ басшыларының ұпайлары және жалпы қортынды ұпайлары сұралады.
Нәтижесі шыққанша ортада би биленеді, ән орындалады.
Сайыскерлер марапатталып, жеңімпаздар анықталады.
Сый - сыяпаттар беріліп, сынып жетекшілеріне рахмет айтылады.
Қортынды
Жинаған өн бойына білім кенін,
Тәнтімін, ынтызармын, өрендерім.
Жарайсың айналайын, сайыскерім!
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым!
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтағай әрдайым,- дей отырып,
Талай қиын асаулардан асып, білім төрінде шарықтап, самғай беріңіздер деп тілек тілегім келеді. Келіп тамашалағандарыңызға, әділ бағасын беріп отырған қазылар алқасына, оқушыларға көп - көп рахмет.
Сау болыңыздар!