Облыстық педагогикалық оқулар
Мұғалімнің құзіреттілігін дамыту - білім берудің сапасын жақсартудың негізі
ЖОСПАРЫ
I. Кіріспе
Мектепке дейінгі тәрбие - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы
II. Негізгі бөлім
а) Мектепке дейінгі білім берудегі жаңғырту жағдайында педагогтардың
кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
ә) Педагогикалық кеңес: мазмұны, дайындау сатылары және жүргізілуі
б) Педагоггикалық кеңестің өткізілу әдісі және оның түрлері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Дәстүрден тыс педагогикалық кеңес арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін көтеру.
Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшуі керек
Н. Ә. Назарбаев
( Қазақстан - 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауынан)
Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік - саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі - білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласында да өз әсерін тигізуде.
Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуында қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттілігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бірі – Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жариялануы болса, Президентіміз Н. Назарбаевтың Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты Қазақстан халқына жолдауында да білім беруге үлкен мән беріліп отыр.
Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесінде де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор – адам және жеке тұлға болып қала бермек.
Ғылым мен техника аршындап алға басқан, қарыштап қадам басқан ХХІ ғасырда бүкіл әлемді шарпып келе жатқан жаһандану процесі, ғылым мен білімді игерудегі бәсекелестіктер т. б. дүние өзгерістері бізді де толғандырады. Болашақта тек білімді ел ғана қандайда болмасын бәсекелестікке төтеп бере алып, өзін - өзі сақтап қалатыны сөзсіз. Ел болашағы – білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру білім беру мекемелеріне ортақ іс.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық делінген.
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті (ҚР МЖМБС 1. 001 - 2009) білім беру стандартының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды.
Қазіргі кезеңде біздің мақсатымыз - бәсекеге қабілетті, өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайларда өмір сүруге бейімделіп қана қоймай, шынайы өмірге белсенді ықпал ете алатын, өмірді жақсартуға, кемелдендіруге ат салысатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатта бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жеке тұлғаны дамытуға бағдарланған, ізгілікті, шынайы демократиялық сипаттағы білім беру жүйесін қалыптастыру үшін заман ағымына ілесе отырып, дұрыс таңдау жасау, ең қиын деген мәселені шешіп, өзінің оқу мен дамуы үшін жауапты болу - балалардың алдында тұрған міндет. Бұл міндет балалардың келешегін құру жолында жауапты жан ретінде педагогтен оқыту үдерісін сыни тұрғыдан ойлауды үйретуге негіздеп құруды, баланың өзінің ойлауы туралы ойлануына мүмкіндік туғызатын орта жасауды талап етеді.
Бүкіл әлемдегі балаларға айтарлықтай әсері болатын елеулі факторлардың бірі - инновациялық технологиялардың кең тараған түрін пайдалануға байланысты білімге оңай қол жеткізудің артып келе жатқандығы белгілі. Білімге қол жеткізудің күн сайын артуы нәтижесінде мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің де рөлі өзгеруде, яғни рөлі артып, балалардың білімге қалай сыни қарайтындығына бағытталуда. Осы өзгермелі өмірде педагогтеріміз барлық сатыларда білім беру бағдарламаларына енгізілетін өзгерістермен және пәндік саладағы әзірлемелермен бірге дамып отыруы тиіс. Әр педагог балалардың ішкі мүмкіндіктерін ашу, оқытудағы ерекшеліктерді түсіну, көптеген тәсілдердің, тілдік және мәдени әсер мен мінез - құлық және дағдының, қызығушылық пен оқыту амалдарының болатынын жете түсінуі қажет.
Баланы тәрбиелеп, мектепке жан жақты дайындау - ата аналармен қатар педагогтар қауымының міндеті. Балдырғандардың білімге құштарлығы алғашқы білім іргетасының қалануына байланысты болып табылады. Қазіргі талапқа сай тәрбиеші - педагог жан - жақты білімді, ізденімпаз, шығармашылықпен еңбектенетін, баланың ішкі дүниесін сезіне білетін маман болуы тиіс. Осы орайда балаларға білім мен тәрбие беруде балабақшадағы әдістемелік жұмыста жаңалық енгізуді талап етеді. Жаңалық - жаңа әдіс, әдістеме, технология, жаңа оқу бағдарламасы, ал инновация дегеніміз - осы жаңалықтарды игеру үрдісі. Озық педагогикалық тәжірибенің бір түрі болып есептелетін жаңашылдық пен зерттеушілік педагогикалық тәжірибе сезімдік тәжірибелерден теориялық талдау және жинақтауға алып баратын басқыш сияқты.
Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И. П Волков, И. Гончаров, И. П Иванов, Н. Е Ильин, В. А Кериновский, С. П Лысенкова, Р. Г Хазанкин, М. П Шетинин, П. М Эрдинов, Е. А Ямбург және т. б ғалымдар мен педагогтардың тәжірибелі мұғалім қауымының игілігіне айналды. Педагог қызметінің инновациялық бағыттылығының құрамдас бір бөлігі – психологиялық педагогикалық зерттеулердің нәтижиесін педагогикалық қызметтің практикасына енгізу. Педагогикалық зерттеудің нәтижиелерін практикаға енгізу үшін практикалық қызметкерлердің алынған нәтижиелерімен арнайы танысады, оны іске асырудың орындылығын, сол арқылы осы негізде ғылыми зерттеу нәтижиесін практикада қолдануға деген қажеттілік анықталатындығы В. Е Гурман, М. Н Скаткиннің еңбектерінде арнайы айтылған.
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіліп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім беруді жаңа сапалық деңгейге көтеруге баса назар аударылып, еліміздің білім саласы әлемдік білім беру кеңістігіне ену және нәтижеге бағдарланған білім беруді жүзеге асыру сияқты жауапкершілігі мол үлкен өзгерістерге бағыт алып отыр. Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мәселелерінің ең маңызды қырларының бірі - ол жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мектепке дейінгі тәрбие мамандарына, олардың іс тәжірибесі қалыптасып, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына байланысты болмақ.
Бозаева Гульжан Жамбуловна
№14 Нұрай балабақшасы әдіскері