Балалар мына кереметті қара

Скачать

Тақырыбы: Кел ойнайықта ойлайық
Мақсаты: Балаларды ойын әркеті арқылы дамытып, сөздік қорын молайту, шығармашылық, қоршаған ортаға деген катынасын танымын қалыптастыру.
Әдіс – тәсіл: түсіндіру әдісі, сұрақ жауап әдісі, саяхатқа шығу әдісі, ойын әдісі
Қолданатын көрнелілік құралдары: Орман макеті, гүлзарлар бейнесі, бейне тақта, үнтаспа, маша қуыршақ макеті, сөйлегіш қалам, пішіндер, үйшік, аю бейнесі, көбелек.
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін табиғат аясына саяхатқа шығамыз. Біздің айналамызда жасыл орман, қазір біз гүлдердің жайқалып өсіп тұрған аланға келдік. Дала гүлдері әдемілігімен көздің жауын алып, иісі мұрынды жарады өзімізге ұнаған бір гүлмен танысамыз.
Балалар мына кереметті қара! мына гүл қимылдап өздігімен жылжып барады. Алайда бұл жылжыған көбелек екен.
Көбелек сендерге бір нәрсе атқысы келіп құлақтарыңның тұсына келеді.
Міне, енді сендерге сыбырлап жатыр, мұқият тыңдаңдар
Үнтаспадан дауыс естіледі
Маған тиіспе балақай! табиғатты қорғай біл, табиғат ана сендерді сендерді жақсы көреді әр бір шөп, өсімдік, гүл, құмырысқа, өрмекші барлығыда өмір сүргісі келеді. Өтінемін осыны мәнгі есіне сақтаңдар балақайлар!
Көбелек: Достар мен сендермен бірге ойнағанды ұнатамын, мен ұшамын сендер қуындаршы! (көбелек орманға қарай ұшып кетеді)
Қимылдық ойын: Бұл ненің ізі?
Ойының шарты: қай аңның ізі екенін табу. Аюдың қимыл әркетітің жасау және ізін басып орманға бару.
(Бейне тақтадан Машаның әні естіледі )
Маша: Ой балалар сендер екенсіндер ғой, мен аю досымшығар деп қуанып қалып едім, аю досыммен ойнайындеп ойындар алып келдім, ендеше сендермен бірге ойнайтын болдым.
Алақай – Алақай - Алақай
Достарым мен атам мен Әжеммің құралдарын қосып алдым маған ажыратып беріңдерші?
Дидактикалық ойын:
Бейне тақтадан Ата мен әженің құралдарын ажыратып жинап беру
Дидактикалық Ойын: Көршісін тап
Ойының шарты: үйшіктегі көршісінен адасқан сандарды ретімен орналасыру
Сандарды Тура және кері санау
1 2 3 4 5
Тәрбиеші: Маша сен аю досының құлпынайын орманнан теріп келші.
Мен сен келгенше достарымен ойын ойнай тұрайын
Балалар біздер орманға кіргенде мен мына жануарды көрдім
Бұл не балалар? аң ба? жануар ма?
Балалар: үй жануары сиыр, жылқы, түйе, қой
Дыбысы сиыр (му – му)
Тәрбиеші: Көмекші досым Зерек қаламнан сұрайыншы
Зерек қаламмен төрт түлік суретімен дыбыстарымен таныстыру
Маша: Достарым мен орман арасынан құлпынайды теремдеп адасып әрең шықтым сендерді көргеніме қатты қуанып турмын.
Тәрбиеші: маша сенің теріп келген құлпынайыңа рахмет
Балалар құлпынай жеміске жатады ма? көкөніске жатады ма?
Балалар: жеміс ке жатады, ол талда өседі
Олай болса көмекші құралым Зерек тен сұрайын
Тәрбиеші: балалар біздің әсем гүліміз шөлдеп тұрған сияқты, ал жақын маңда су жоқ енді қайтсек болады?
Ойын шарты: балалар қолмен үстел үстін тырсылдатып жаңбыр дыбысын салады ( бейне тақтадан жауаған жаңбырдың дыбысы естіледі)
Тәрбиеші: Міне, балалар біздің әдемі гүлдеріміз жанбырдың суын ішіп әдеміленді.
Тәрбиеші: Балалар Маша жаңбырға жаурамай турғанда аю досына апарып тасайық!
(Машаны аюдың үйшігіне апару)
Енді өзіміз жаурамай тұрғанда балабақшамызға ормалайық.
Мадақтау
(енді балалар біздің досымыз Машаның аю досының жақсы көретін жемісі құлпынайды маған көмектескендерін үшін құлпынайды сыиға беремін.
Қане, балалар құлпынайдың дәмі қандай екен? Тәтті ме?, ащы ма?


Скачать


zharar.kz