Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір - бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.
2. Өзіңді - өзің танысаң — істің басы
Жақсы немесе жаман қасиеттер тренинг — Абай атамыздың Сегіз батыр деп басталатын жұмбағы еске түседі.
Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр
Кезек - кезек жығылып, жатып тұрып
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.
Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі жақсылық болса, екіншісі жамандық екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген парақтың оң жағына жақсы, сол жағына жаман қасиеттеріңізді жазасыздар. 3 мин
1. Қандай қасиеттерді көп жаздыңыздар?
2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?
3. Осыған дейін осы қасиеттер жайлы ойланып көрдіңіз бе?
(Барлығы жазған қасиеттерін оқып шығады) Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келе ме?
3. Ой қозғау:
Ата - аналар 3 - топқа бөлінеді.
Үш топқа тақырып беріледі. Ата – аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады. Постер қорғайды.
1топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата - ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
2 топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
3топ. Бала үшін мұғалім мен ата - ана арасында қандай байланыс болуы керек?