Кеңқияқ орта мектебі
Өткізген: Қарасаева М. К.
Сабақтың тақырыбы: Сурет және сұлба
Сабақтың мақсаты: 1) Суреттер мен сұлбаны салыстыра отырып, сұлба түсінігін қалыптастыру, кіші және үлкен заттардың сұлбасын сызуды үйрету, масштаб туралы түсінік беру;
2) Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, байланыстырып сөйлеу, ойын еркін жеткізу дағдыларын жетілдіру;
3) Ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру;
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік, ойын.
Көрнекілігі: суреттер, проектор, текшелер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Жер байлығы кең екен
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін үйреткен
Дүниетану сабағы
- Балалар, қазір сендер кішкентай болғанымен, ертең еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етесіңдер, еліміздің көркеюіне үлес қосатын маман боласыңдар. Сондықтан мамандыққа осы кезден дайындаласыңдар.
- Ал біздің еліміздің не өткізуге дайындалып жатқанын білесіңдер ме?
- Әрине, ЭКСПО - ға дайындалып жатыр. Осы ЭКСПО деген не? ЭКСПО – халықаралық көрме.
- Ендеше, еліміздің ЭКСПО - 17 - ге қалай дайындалып жатқанын білгілерің келе ме? Олай болса, бүгін сабағымызды саяхат түрінде өткізбекпіз.
- ЭКСПО еліміздің қай қаласында өтпек?
- Ендеше, Астана қаласына ойша саяхат жасайық. Астанаға бару үшін қандай көлікке мінеміз?
- Ұшаққа міну үшін, билет алуымыз керек. Билет алу үшін үй тапсырмасын айтып шығайық.
Үй тапсырмасын сұрау.
- Ал, енді ұшаққа мінейік. Барғанша Астана туралы не біледі екенбіз ортаға салайық.
Слайд. Астана суреттерін көрсету. Әуежайдың суреті.
- Міне, балалар, Астанаға да келдік. Мына суретке қарайықшы, не көріп отырмыз? Ал мынау ненің суреті?
- Балалар, бұл әуежайдың сұлбасы. Демек, жоғарыдан қарасақ әуежай осындай болып көрінеді. Ендеше, біз сұлба деген не екенін үйренетін боламыз. Бүгінгі үйренетін сабағымыздың тақырыбы - Сурет және сұлба деп аталады.
Сурет деп кез келген заттың бейнеленген көрінісін айтады.
Сұлба деген бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі.
- Ал, мынау ненің суреті?
- Осы текшені үстінен қарайық.
- Ненің пішіні көрінді?
- төртбұрыштың
- Олай болса, бұл төртбұрыш осы текшенің үстінен қарағандағы көрінісі.
- Әрине, бұл - текшенің сұлбасы.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді іштей оқыту.
Тауып оқу әдісі арқылы ережені табу.
Сарамандық жұмыс
Дәптермен жұмыс.
Шырпыны қойып, айналдырып, сызып шығу.
- Балалар, ненің суреті шықты?
- Тіктөртбұрыштың суреті
- Бұл - шырпының сұлбасы.
Ал, мына үстелдің сұлбасын сыза аламыз ба?
- Неліктен сыза алмаймыз?
Олай болса, үлкен заттардың сұлбасын сызу үшін масштаб қолданылады.
Масштаб деген затты үлкейту не кішірейту үшін қолданылатын сан.
- Қане, үстелді өлшейік. Ұзындығы 120см, 60см екен. Енді осы санды 10 есе кішірейтеміз. Сонда ұзындығы 120: 10=12см, ені 60: 10=6см.
- Енді, дәптерге сыза аламыз ба?
Сергіту сәті
Сарамандық жұмыс
Слайд. Астананың жаңа келбетін көрсету.
Бекіту.
- Балалар, қайтатын уақытымыз да жеткен сияқты, қайту билетін алып, ұшаққа отырайық.
Билет алу үшін не үйренгенімізді ортаға салайық.
ЭКСПО - 17 бейнефильм көрсету.
Балалар, тақтаға әр түрлі көңіл - күйді білдіретін адамның бейнесі ілінген. Мен сендердің бүгінгі көрсеткен білімдеріңді мына суретпен көрсетіп, көңіл - күйімді, ризалығымды білдіремін. Қолдарыңдағы жұлдызшаны қою арқылы сабақтан алған әсерлеріңді жеткізіңдер.
Бағалау
Үйге тапсырма: Сурет және сұлба оқу. 31 - 32бет