Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Не деу керек? Буын.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың өлеңді саналы түсініп оқуын меңгерту, шапшаң оқуға төселдіру; Буын жайлы білімдерін кеңейту. Сыпайы сөздерді үйрету, үлкендермен сәлемдесу түрлерін үйрету.
2. Дамытушылық: Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, таным белсенділігін арттыру, сауатты көркем жазуын қалыптастыра түсу, әдеп әліппесін бойына дарыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілік, имандылық тәрбиесін беру, әдептілікке, сыпайылыққа, ізеттілікке үйрету, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, сөздік – көрнекілік,
Түрі: саяхат сабақ.
Көрнекілік: кесте, суреттер, сыпайы сөздер, үлестірмелі қима қағаздар, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
1 бөлім. Қызығушылықты ояту.
- Балалар біз бүгін Сыпайылар әлеміне саяхатқа шығамыз. Мұнда біз әр елден сыпайы сөздер үйреніп сандығымызға жинақтай береміз. Бұл елдің елдің тұрғындары бір - біріне тек сіз деп қана сөйлейді екен. Бәрі бір - бірін сыйлап, сыпайы сөйлейді.
- Кәне, саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Жолда кездесетін түрлі тапсырмаларды орындауға әзірсіңдер ме?
- Ең алдымен біздер сыпайы сөздер туралы не білеміз, тағы не үйренгіміз келеді, сол жөнінде алдарыңыздағы мына кестені Білемін. Үйренгім келеді? Үйрендім кестесін топпен толтырып алайық.