Әншілер тобына - Жұмбақ шешу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді
Қасиеттер: таланттылық, зеректілік, өнерпаздық.
Көрнекілік құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, электрондық оқулық, сурет көрмесі.
Сабақтың мақсаты:
1. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
2. Өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Өнерпаздықты, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
Слайд
Сергіту сәті:"Өнер" С. Қалиев
Домбырам күмбірлеп,
Күй шерте аламын.
Бұрала би билеп,
Сурет те саламын.
Ұқсатып кілемге
Кесте де тігемін.
Актёрше рөлде
Ойнай да білемін.
Жалықпай талай күн
Жасаймын мүсін де.
Өнер көп бойымда,
Мақтану маған жат.
Топқа бөлу:
1 - топ: Өнерлілер
2 - топ: Суретшілер
3 - топ: Ақындар
1. Кел ойланайық, пікірлесейік
Адамның сәні – өнер, білім, ақылы (Жетес шешен)
оқушылардың ойларын еркін айтуға дағдыландыру.
2. Оқушыларға тапсырма беріледі
• Суретшілер: сурет салады.
• Әншілер: ән айтады.
• Ақындар: өлең жолдарын оқиды.
3. Бейне көрініс "Хан қалпақ" шебері.
4. Нақыл сөз: сөздің мағынасын ашу.
"Өнерлі өрге жүзеді".
Интерактивті тақтадан өнерлі адамдар туралы айту.
Кішкентай ақын Жамбыл, шахматшы Жансая, әнші Ермек және тағы басқа танымал өнерлі балалар туралы слайд
5. Дәптермен жұмыс: Ребус шешу.
1 - топ: Мүсінші
2 - топ: Бишілер
3 - топ: Күйші
6. Ой жүгірту. Топтық жұмыс. Қорытындылау.
Суретшілер тобы: өлеңді аяқтау
Алуан бояу іріктеп........ (алды)
Асықпай, Мұрат...........(суретті) салды.
Столға жайып.......(қағазды) аппақ
.......(Сарымен) сұлу жасады бақ - бақ
Ақындар тобы: мақалдарды аяқтау
1. Білім көкке жеткізер
Өнер көпке жеткізер.
2. Шебердің қолы ортақ
Шешеннің тілі ортақ.
2. Жалғыз ағаш үй болмас
Жалғыз жігіт би болмас
4. Туған жерге ту тік
5. Отан оттан да ыстық.
Әншілер тобына – Жұмбақ шешу
1. Түк білмей барасың
Төлімін аласың,
Есейіп кетсең де,
Қарыз боп қаласың. (мектеп)
2. Оң жағымда бес саусақ,
Сол жағымда бес саусақ. (Он саусақ)
3. Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп)
Қорытынды: Жүректен жүрекке
Шар лақтыру арқылы топтар бір - біріне тілектерін білдіру.
Біліммен, өнермен алға самғаңдар – деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.


Скачать


zharar.kz