Жаңа сөздер үйрету

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ё әрпі мен дыбысы
Сабақтың мақсаты: Ё дыбысы мен әрпін меңгерту. Ё ё дыбысы бар сөздерді дұрыс айта білуге, сауатты жаза білуге үйрету
Сабақтың міндеті:
1. Оқушыларды Ё ё дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздер үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату, меңгерту;
2. Оқушылар зейінін және жеке сөздерді, мәтінді, біртіндеп тұтас оқуға дағдыландыру
3. Үлкенге көмек беруге, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, көрнекілік, дәптермен жұмыс
Көрнекілігі: шахтер, монтер суреттері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушыларды сабаққа дайындау
- Сабаққа зейіндерін аудару
- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу
II. Өткенді пысықтау
Мақсаты: Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау, бекіту
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Ол қандай дыбыс?
- Ф дыбысынан басталатын қандай сөздерді білеміз?
- Ф дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Сергіту сәті
III. Жаңа сабақ
Мақсаты: Ё ё дыбысы мен әрпін таныстыру, жаңа сөздер үйрету
1) Суретпен жұмыс
Мақсаты: өз ойларын еркін жеткізе алуға жағдай жасау
- Монтер мамандығына байланысты әңгімелеу
- Оның жұмысының ерекшелігі туралы мәлімет беру
- Монтер мамандығына байланысты әңгіме құрастыру
2) Жаңа сөздермен жұмыс
Мақсаты: Ё ё дыбысына байланысты сөздерді таныстыру, дыбыстық буындық талдау жасату
- Монтер сөзін буынға бөлдіріп айтқызу
- Тұтас айтқызу
- Шахтер сөзін буынға бөлдіру, тұтас айтқызу
- монтер сөзінде қанша дауысты дыбыс барын сұрау
- Шахтер сөзінде қанша дауыссыз дыбыс барын анықтату
- Шахтер сөзіне байланысты мәтін құрату.
- Мәтінді сызбамен көрсету
3) Оқулықпен жұмыс
Мақсаты: өлеңді сауатты оқуға дағдыландыру
- Шахтер өлеңін оқыту
- Өлең не туралы екенін сұрау
- Өлеңнің әр жолында неше сөз бар екенін анықтату
4) Дәптермен жұмыс
Мақсаты: Ё ё әрпін жаза білуге үйрету
- Ё ё әрпін ауада жаздыру
- Бас кіші әріптерін жаздыру
- Диктант жаздыру
Шахтер – құрметті мамандық. Ол шахтада жұмыс істейді, көмір өндіреді.
IV. Сабақты қорытындылау
Біз қандай дыбыспен таныстық? Қандай жаңа сөздер үйрендік?


Скачать


zharar.kz