Елтану білім негізінде таңдау курсын оқып үйренуге, қызығушылығын үйрету

Скачать

Өлкетану таңдау курсының 4 - сыныпқа арналған бағдарламасы
Атырау облысы, Индер ауданы,
Құрылыс ауылы, М. Мөңкеұлы мектебі
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Тулегенова Гулаим Еділқызы

Таңдау курсының мақсаты:
1. Өзінің туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту.
2. Жасөспірімдердің бойында белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру және отансүйгіштік сезім тәрбиелеу.
3. Туған өлке табиғатын қорғауға, табиғи ресурстарды үнемдеуге, өзінің елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
4. Елтану білім негізінде оқушылардың таңдау курсын оқып үйренуге қызығушылығын арттыру.
Курстың міндеті:
- туған өлке тарихын, табиғи байлығын кешенді түрде зерттеу.
- өз бетінше білім шығармашылықпен ойлануға, ізденуге үйрету.

- карта, сұлба, диаграмма және т. б жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық:
1. Елтану білім негізінде таңдау курсын оқып үйренуге, қызығушылығын үйрету.
2. Сабақта өз жерінде шыққан атақты адамдар жайлы материалдар жинап, білімдерін толықтыру.
3. Жаңа технологиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеуге, мәлімет іздеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Туған өлке табиғатын қорғауға, табиғи ресурстарды үнемдеуге, өзінің елін, жерін сүюге тәрбиелеу.


Скачать


zharar.kz