Сабақтың тақырыбы: С дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өткен дыбысты қайталау, зейінін бақылау. Жаңа С с дыбысымен таныстыра отырып сөздер, сөй лем құрауға және дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Дыбыстық талдау жасауға, қолдарын әдемі жазуға жаттықтыру.
Дамытушылығы: балалардың ой - өрісін, шығармашылығын дамыту. Сөздік қорын, сөйлеу жүйесін жетілдіру.
Тәрбиелігі: ұғымталдыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе әріп, текшелер, суреттер, тірек сызба.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу
Сәлем бердік, Ашық аспан! Сәлем бердік, Алтын күн!
Сәлем бердік, Жер - ана! Сәлем бердік, баршаңа!
II. Психологиялық дайындық.
Ой шақыру стратегиясы. – Өткенде қай әріппен таныстық?
- Б дыбысы мен әрпі. – Қане сол Б дыбысына сөздер ойлап жіберейікші? - Балық, балапан, бақа, бұзау, бота.
– Б дыбысы қандай дыбыс? дауыссыз Ережені еске түсіру. – Дыбыс деген не? Әріп деген не? - Дыбысты естиміз, айтамыз. Әріпті жазамыз, оқимыз, көреміз
IІІ. Жаңа сабақ.
Ой толғаныс. Жұмбақ шешу.
1. Күндіз де жүреді 2. Жұқа тақтай бөлшегі Түнде де жүреді Ұзындықтың өлшемі сызғыш Аяғы жоқ қолы жоқ 3. Судан ол қорқады Не жүрген жолы жоқ Бұдан кір қорқады. сабын Ол не? сағат
Ойын: Кел танысайық
Мақсаты: Балалардың танымын, ой - өрісін дамыту. Сөздердің мағынасын түсінуге үйрету.
- уақыт ұзақтығын өлшейтін құрал
- сызуға арналған құрал
- кір жууға арналған кесек немесе сұйық зат
- Осы сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- С дыбысынан - Бүгін, біздер жаңа С әрпімен танысамыз.
- Кәне, хормен айтайық:
С - С - С С дыбысының айтылу ерекшелігін түсіндіру. С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып, белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады. – Айтылуына қарай қандай дыбыс?(дауыссыз) С - дауыссыз, қатаң дыбыс, көк текшемен белгілейміз, буын құрай алмайды.
Сергіту сәті: Сағаттың тіліндей Сағатқа қарап ап, Сағаттың тіліндей 1, 2 оң аяқ
І V. Тақтамен жұмыс.
Ойын: Көңіл бөлейік
Мақсаты: жаңа әріптің баспа, жазба таңбасын таныту, есте сақтауын жетілдіру. Бірнеше таяқшаның көмегімен С әрпін құрастыру.
V. Оқулықпен жұмыс.
Ойын: Мен қандай дыбыспын?
Сандық асық күнбағыс.
Мақсаты: сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Дыбысқа сәйкес текшені көрсету. С дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінін түсіндіру.
Ойын: Кім зейінді?
Буынды оқыту: - са, со, су, си Сөздерді оқу: сана, сона, сал, дос, Айдос, Досан.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш Қолға қалам аламыз
Әдемі етіп жазамыз.
VI Дәптермен жұмыс: Ойын: Қарындашпен жұмыс
Мақсаты: С с әрпінің баспа таңбасын үлгідегідей етіп бастыру, жазуға үйрету.
Қол қимыл - қозғалысын дамыту.
С С С
VII. Ойын: Шашыраған әріптерден сөз құра
Кеспе әріптермен және текшемен бас , сана , аспан сөздерін жаздыру.
Vlll. Қорыту. Ойын: Буынға буын қос Мақсаты: тірек сызба арқылы бір буыннан бірнеше сөздер құрау
lX. Бекіту: Сұрақ - жауап әдісі арқылы.
Қыздар құлағына не тағады?- Сырға. Қыздар басына не киеді?- Сәукеле. Қыздар қолына не тағады?- Сақина.
Мектепте не оқимыз?- Сабақ
X. Балаларды бағалау
Xl. Қоштасу
Орнымыздан тұрайық, Алақанды соғайық.
Көріскенше күн жақсы, Сау - саламат болайық.