Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ою - өрнек өнері бойынша білімдерін тереңдету, қазақтың ұлттық ою - өрнек өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру. Дамытушылық: теориялық білімдерін жетілдіру, сарамандық жұмыс арқылы білімдерін көрсету.
Тәрбиелік: әсемділікке, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, ой - өрісін дамыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың көрнекілігі: оқулық, буклет, сұрақ жауап, мақал мәтел, нұсқау карта.
Пән аралық байланыс: сызу, бейнелеу, әдебиет, геометрия, тарих.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме? Қанеки балалар біз алға шығып, сыйлы қонақтарымызға сәлем беріп, бір - бірімізге жақсы тілектер айтамыз. Мұғалім: мен сендерге сәттілік тілеймін оқушылар бір біріне тілек айтады.
Сонымен балалар біз бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын Әл Фарабидің қағидалы сөзі Тәрбие жоқ жерде білім болмайды яғни оқу мен тәрбие егіз дегенді есімізге түсірейік. Сондықтан біз мәдениеттілік пен адамгершілікті естен шығармауымыз керек. Біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы: Ою - өрнекті қиып жапсыру Ою - өрнек тұрмыстық бұйымдарда, үй жиһаздарында, киім - кешек т. б бұйымдарда қолданылады 1. Слайд (Ұлттық бұйым түрлері) Әр сұрақ бойынша фишка беріліп отырады.
Үй тапсырмасы: 1. Ою - өрнек дегеніміз не? Ою - өрнек – белгілі тәртіптегі элементтерден құралған өрнек. 2. Слайд. Ою - өрнек неше топқа бөлінеді? төрт топқа бөлінеді. (Жануар тектес, өсімдік тектес, ғарыштық, геометриялық) Енді бүгінгі сайыс сабағымыздың шарттарымен таныстырып өтейін. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Оқушылар екі топқа бөлінеміз.(екі түрлі ою арқылы топқа бөлу)
1 – топ Шебер қолдар 2 – топ Өнерлі қыздар
1 – кезең Атымда ізгі сырым бар таныстыру
2 – кезең Кім білгір сұрақ жауап
3 – кезең Ойлы болсаң озып көр әр топ берілген оюдың жасалу жолын айтып көрсету
Сергіту сәті би Қара жорға
4 – кезең Ою ойғанның ойы ұшқыр үлгі бойынша ою сызып қию жапсыру
5 – кезең Өлеңшінің сөзі алтын ою өрнекке байланысты өлең оқу
6 – кезең Сұрақ бізден жауап сізден қорытындылау сұрағы
3 - слайд
1. Атымда ізгі сырым бар
Шебер қолдар Шебер біздің атамыз,
Шебер біздің әжеміз.
Шебер болған бабамызда,
Бізде шебер боламыз.
Өнерлі қыздар Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Өнер білім шыңында,
Құрметтейміз ата салтын.
4 - слайд
2. Кім білгір
1. Композиция дегеніміз не? Ою өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру деген сөз.
2. Симметрия дегеніміз не? Симметрия ол ою өрнектің екі жағының бірдей болуы.
3. Ырғақ дегеніміз не? Ырғақ ою өрнектерде бір элементтің қайталанып отыруын айтады.
4. Оюлар өлеңін кім жазды? (Ф. Оңғарсынова)
5. Қазақ ұлттық ою өрнектерінің бастапқы элементтерін қай дәуірде салды?
Қазақ ұлттық ою өрнектерін тас дәуірінде салды.
5 - слайд
3. Ойлы болсаң озып көр әр топ берілген оюдың жасалу жолын көрсету
6 – слайд Сергіту сәті: би (Қара жорға)
Қауіпсіздік ережесі; 1. Қайшымен жұмыс жасау ережесі: (қайшыны ашық тастамау, бір бірімізге тұтқыл жағымен ұсыну, жоғары қаратып ұстамау арнайы қорапта сақтау)
2. Клеймен жұмыс жасау ережесі: (желімді ашық тастамау, таза ұқыпты жұмыс жасау)
7 - слайд 4. Ою ойғанның ойы ұшқыр
Берілген үлгі бойынша оюды сызып қию матаға жапсыру.
5. Өлеңшінің сөзі алтын (өлеңмен жарысу)
9 - слайд
6. Сұрақ бізден жауап сізден бес түрлі ою беріледі. (оқушылар плакатқа атын тауып орындайды)
Бағалау: фишкаларды санау арқылы
10 - слайд
Үй тапсырмасы: Оюға таспа бастырып тігу