Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қосу және азайтуды тиімді әдістерін пайдалана отырып, есептер шығара білуге үйрету.
2. Оқушылардың логикалық қабілеттерін, есте сақтау, есептей білу дағдыларын дамыту.
3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Типі: жаңа білім беру сабағы
Түрі: іскерлік ойын сабағы.
Пән аралық байланыс: ана тілі, музыка, сурет.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету, СТО тех - ң элементтері.
Техникалық құрал: комьпютер, интерактивті тақта,
Болжамдап отырған нәтиже: қосу және азайту амалдарын түсінген бала.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі 7мин
а) психологиялық дайындық 1 мин
2. Үй тапсырмасын тексеру
Қорытындылау
3. Жаңа сабақ 30 мин
а) ой жинақтау
ә) мұғалімнің түсіндірмесі
б) оқулықпен жұмыс
4. Сабақты бекіту 3 мин
Қорытындылау 2 мин
5. Бағалау. 1 мин
6. Үйге тапсырма. 1 мин
Сабақтың барысы: Психологикалық дайындық:
Үлкенге де сіз,
Кішігеде сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
- Балалар бүгін біздің сабағымызда көптеген қонақтар келіп отыр. Сол кісілермен амандасып қояйық.
Мақсаты: 7 санын қосу және азайтуды, есептерді дұрыс шығара білуге үйрету.
- Сабағымызды 7 кезеңге бөліп өтеміз. Ата тегімізді жақсылап білу үшін 7 атаны алып отырмыз.
- Ал олай болса 7 атамызды атап өтейікші. Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Туажат
1 - кезең Әке (слайд)
- Әке туралы қандай мақал білесіңдер?
1) Әкең - асыл қазынаң.
2) Аға іні асқар тауың.
Үй тапсырмасы: №4
4+2+3=10
7 - 5+1=3
5+4 - 7=10
9 - 6 - 2=1
10+0 - 7=3
4 - 3+8=9
- Дұрыс балалар үй тапсырмасын орындап келіпсіңдер. Үй тапсырмасын қорытындылай келе Кім жылдам ойынын ойнаймыз
5+3 2+5 9 - 3 10 - 3
2 - кезең Бала
Мақалдар айтқызу
№1. 1+7=8
2+7=9
3+7=10
Ереже: қосылғыштардың орны ауысқанымен қосындының мәні өзгермейді.
10 - 7=3
9 - 7=2
8 - 7= 1
7 - 7=0
- Енді балалар қосу кестесін жазамыз7
1+7=8
2+7=9
3+7=10
Сергіту сәті: Сұр қоян
3 - кезең Немере
Бала – адамның бауыр еті.
Бала – тілі, балдан тәтті.
Немере несін береді
Етін жеп, сүйегін береді.
№2. Кесінділерді өлшеп, қосындыларын және айырмаларын табамыз.
- Балалар көк кесіндіні өлшейміз 9 см. Қызыл кесінді 7 см. Екеуінің айырмасы неше. 9 - 7=2 - ге. Қызыл кесінді 2 см кем.
- Енді балалар жасыл кесінді мен қызыл кесінділердің ұзындықтарының қосындысымен салыстырамыз. Ал қызыл кесінді 7 см жасыл кесінді 3 см. Екеуінің қосындысы 10 - ға тең. Олай болатын болса жазамыз.
9см - 7см=2см
7см+3см=10см
2см 10cм
- Енді балалар кесінділер тұйықталған сызық екенін білдік.
- Санға байланысты қандай жұмбақ білесіңдер.
Тоғыз белбеу, қос жібек, екі мұрын бір шүмек.
- Енді осы жерде сандарды табайықшы(тоғыз, екі, бір)
- Домбыра сөзіне дыбыстық талдау жасап жіберейік.
- Неше әріп, буын, дыбыс бар.