1Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Мұқағали өлеңі, жүрекке сәуле төгеді атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Оқушы: Арыз жазып кетейін
Бүгін менің туған күнім,
Ой, бәле ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім - ақ,
Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны - ай
Мына дүние неге жатыр үндемей,
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ – құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
Мынау – шапан,
Мынау – атың, мін демей ?!
Өлең: Туған жер
2жүргізуші: Ән: Бақыт деген
1жүргізуші:
Қуат алып Абайдың тіл - күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден,- деп жырлаған Мұқағали Мақатаев биыл 83 жасқа толып отыр. Жыл керуені алға жылжыған сайын М. Мақатаевтің артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндесМұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.
М. Мақатаев 9. 02. 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. 5. 03. 1976 жылы Алматыда дүниеден өтеді.
Артынан мол мұра қалдырады.
2 жүргізуші: Махаббат диалогы
- Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
- Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
- Күл боп бірге соңынан кетер едім.
- Бұлдырасам сағымдай, не етер едің?
- Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
- Қайғы әкелсем басыңа, не етер едің?
- Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.
1жүргізуші:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесіңбе, неге іздедім,
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан,
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан.
Сені іздедім жоғалған адамдардан,- дейтін Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Өйткені ол шынында да алауыртқан таулардан түйсік алатын, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын. Ол асқар Алатауға кең сарыарқаны қоса құшақтауға құлаш ашқан еді.
Өлең: Үш бақытым
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай - ақ кел дағы, от ал менен.
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
Мені мұндай бақытты жаратар ма!
Үш Күн нұрын төгеді аспанынан
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Өлең: Автограф
2жүргізуші: Ән: Саржайлау
Көрініс: Аққулар ұйқтағанда ( поэмадан)
Автор:
Өзен де жоқ сыймаған арнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,
Қалай біткен мына көл тау басына?!
Мөлдірейді, қарайды қарға шыңға.
Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә.
Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?
Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?
Қанша шырша өсті екен, құлады екен,
Жетім көлге қараудан шаршамаған?
Жетім көлден су ішкен қанша марал,
Қанша киік қалды екен сай - салада?
Қанатынан үзіліп ән самалы,
Қаншама аққу кетті екен – аңсаған ән?
Бала жатыр төсекте, албыраған,
Әке жатыр еденде, қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр, қос жанары
Шарасыздан, шаршаған, жаудыраған.
Түні мынау тамыздың маужыраған,
Тауы анау шымылдық салбыраған.
Бала жатыр төсекте күйіп - жанып,
Баласының ана отыр күйін бағып.
Қайдаңы бір қатыгез, сұрқай ойлар,
Миын қарып барады, миын қарып
Ана:
Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті.....
--- Аққумен баланы аластаңдар,-
Деді дағы жәйімен жөнеп кетті....
--- Тұрсайшы, тауя қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?!
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі
Ұмытылып кетті ме санатыңнан,
..... Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтеміз, ол да адамға бола туған.
Әке:
--- Апыр - ай қалай барам, қалай барам?
Атармын аққу құсты қалай ғана?
Айдынның аққулары ұйықтағанда,
Өрген мал, өскен шырша абайлаған,
Барлығы қасиетке қарайлаған,
Оқ атам қасиетке қалай ғана?
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?
Автор:
Адуынды жан екен алған жары:
Ана:
---- Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?
Топан су басып кетсін қалғандарын,
Перзент сұрап несіне армандадың?!
Құрысын онсыз сенің жанған бағың!
Мылтықты әкел!
Атты ерте!
Жалған бәрі!
Автор:
Қасқа таң.
Бұлбұл үні.
Көл бетінде
Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле,
Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,
Таңданып, тәкаппар құс келбетіне.
Шошымай шолжаң өскен батырларың,
Ана отырған шыршаға жақындады.
Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,
Білмей қалды мылтықтың атылғанын
Көздің алды көк түтін, ақыл - жарм
Білмей отыр жаңағы тыныштықтың,
Сүт ұйыған тегешін сапырғанын!.....
Автор:
Жетім көлдің басында жылқы жатқан,
Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан:
Шал:
.... Апыр - ай, бұл кім болды таңсәріде,
Көргенсіз көл басында мылтық атқан?!
Құстардың зәре - құтын шырқыратқан,
Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!
Мылтықты атарлықтай көлге келіп,
Апры - ай, жоқ еді ғой елде желік...
Автор:
Алыс тұрып, ақырды қыр басынан:
Шал:
Берекесін бұл жердің кім қашырған?
--- Ей!
Кімсің?
Тірісің бе?
Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың, арың барма?!
Тастағын қаруыңды келгін бері,
Келгін бері, кеудеңде жаның барда!
Автор:
.... Байғұс әйел үн - түнсіз жылап тұрды,
Қарттың үні мең - зең ғып құлаққа ұрды.
Қолындағы мылтығын құлаштап кеп,
Бөгелмей Жетім көлге лақтырды.
Қартқа қарай ақырын аяңдады,
Қарусызға қарт келді аянбады
..... Көзінен жас, көңілінен зар төгіліп,
Болған жайтты келіні баяндады.
Шал:
__ Әй, балам!....
Болмады ғой, болмады ғой...
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!...
Мін атқа, қайт ауылға тағат қыл да,
... Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?
Ана:
__ Әлек боп, арпалысып сор - қайғымен,
Жоқ, ата жасамадым ондайды мен...
Жасымнан естігенім бар - тын еді,
Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп...
Шал:
__ Солай, солай...
Аманат бір Құдайға...
Қай - қайдағы түседі құрғыр ойға...
Автор:
... Ат басын шұғыл бұрып, тайып тұрды,
Қарт тастап нелер сұмдық сырды бойға.
.... Абыр - сабыр, үй маңы дүрбелең - ді
Ат үстінен түсе алмай қатып қалды
Мелшиіп, білмей тіл мен үн дегенді,
Білмейді, қайда келді, кімге келді.
Ақ төсек - аппақ айдын, аққу - бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?
Ана:
Мына жатқан Жетім көл , мына аққуды
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
Жоқ!
Мен емес...
Мен атпадым...
Кеше гөр, кешіре гөр. Жаратқаным!
Автор:
Күледі, бірде жылап зарланады,
Көкке қарап бекерге қарманады,
Бірде үнсіз мелшиіп тың тыңдайды,
Құлағында аққудың арман әні
Алдымен жұрт үн - түнсіз таңданады,
Қыбыр - сыбыр артынан жалғанады...
Бірде ана көкке жайды алақаын:
Ана:
-- Қазір, ботам...
Мінеки, таң атады...
Қазір, ботам, аққумен ұшықттаймын...
Жазыласың, құлыным, балапаным!
Автор:
... Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым,
Жерді аңсаймын....
Жалғыз - ақ сол – арманым.
Қиын екен қимасың екі бірдей
Көз алдыңда ғайып боп жоғалғаны...
Орнында екен Жетім көл , жоғалмапты,
Ортаймапты, немесе тола алмапты.
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз
Қасиетті аққулар оралмапты..
1жүргізуші: Ән көңілдің ажары демекші,- ендігі кезекті әнге береміз. Ән: Нұр жауып тұрған көктемде Орындайтын 7 Ә класс оқушысы
1жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін
Бүтінделмей кеткен бір ер - тұрманы -
дей келе көптеген ақындар Мұқағали жайында естеліктер жазды. Фариза Оңғарсынова өзінің бір естелігінде былай деген: Мұқағали біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс. Егер ол құбылысты біз бірден баыюына барып, дөп басып, тани алмасақ, бұл өнердегі заңдылық. Ол - әсіресе қызыл бояудың жылт етпе құбылуы емес, жақындаған сайын алыстап, жақындаған бояуымен құпиялана түседі. Поэзияның әрі таймас сұлулығы да, барған сайын ынтызарыңды құрта құдіреті де осы болуы керек .
Өлең: Фаризаға
2жүргізуші: Фариза Оңғарсынованың Мұқағали Мақатаевқа арнауы:
Өлең: Менің планетам
Өлең: Оюлар
1жүргізуші: Ән: Күрең күз
1жүргізуші: Осымен біздің әдеби сазды кешіміз аяқталды. Келіп көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет.