Мұғалім қандай болса, мектебі hәм сондай болмақшы

Скачать

Мұғалім қандай болса, мектебі hәм сондай болмақшы. Мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім .
А. Байтұрсынов

Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік - экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.
Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі - оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау, бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай - ақ, өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету басты мақсат болып отыр.

Құзырлы – білгір, белгілі бір аймаққа жинақтаушы, өзінің білімі немесе қызметі бойынша бір нәрсені істеуге немесе шешуге уәкілдігі бар деген мағынаны білдіреді.
Құзыр қандайда бір мекеменің немесе адамның уәкілет шеңбері, адамның танымы, тәжірибесі бар сұрақтар шеңбері.


Скачать


zharar.kz