Әже деген кім

Скачать

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Ә ә дыбысымен таныстыру, ә дыбысының орнын анықтату, сауатты оқуға және жазуға дағдыландыру, сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілетін, ой-өрісін, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Әдемі, көркем, таза жазуға үйрету, бауырмалдылыққа, еңбекшілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау – жинақтау, сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Алфавит, Ә дыбысының таңбасы, суреттер, кеспе әріптер, текшелер, буындар.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
- Назарларын сабаққа аудару.
Өткен сабақты тексеру
1. І дыбысына байланысты тұтас оқуға берілген сөздерді оқыту.
2. І дыбысы қандай дыбыс?
3. Неліктен дауысты дыбыс дейміз?
4. Қай буындарда кездеседі? Мысалдар келтір.
Келесі буынды тап?

Жаңа сабақ
1. Оқулықтағы сурет қарап; Әже деген кім? Сен әжеңе кім боласың? Әкеңнің анасы, анаңның анасы саған қандай әже болады? деген сұрақтар қою арқылы әңгіме құрастыру.
2. Кеспе әріптерден әже сөзін құрастыру, оны буындап оқу, дыбыстық талдау жасау, ә дыбысы дауысты екенін, өздігінен буын жасай алатынын, көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылатынын түсіндіру.
3. Оқулықпен жұмыс
Бағандағы берілген сөздерді буындап, хормен оқыту. Түсініксіз сөздердің мағынасын түсіндіру.
Әже мәтінін оқып беру.
Хормен оқыту.
Оқушыларға тізбектей оқыту.
Сурет бойынша жүргізілген әңгімемен салыстыру.

Дәптермен жұмыс.
Ә дыбысының бас және кіші әрпін көрсетіп таныстыру, баспа және жазба түрлерін салыстыру.
Әріпті ауада, тақтада, дәптерде жазу.
Әжім – әженің әрі,
Әженің батасы – дәрі деген сөйлемді әдемі, қатесіз көшіріп жазу, дауыстап оқыту.
Әже, әжім, әрі, дәрі сөздерінің бірыңғай жіңішке айтылып тұрғанын түсіндіру.
Қай әріпті жоғалттым? ойыны
... ке,... демі, с... нді,... н, д... рі
Сабақты қорытындылау
Венн диаграммасы
А Ә
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған балаларды мадақтау.


Скачать


zharar.kz