Жаңа технология М. Монтессори – балабақшада
М. Монтессори педагогикалық технологияларын балабақшамызда ендіру, Қазақстан 30 дамыған елдердің қатарына кіруге бетбұрыс жасап отырған сәтте, ерікті, өз басының қадір - қасиетін сезетін, дербес, қабылданған шешімдеріне жауапкершілікпен қарауға қабілетті адамдардың пайда болуын қажет етіп отыр. Мұндай адамды тәрбиелеп шығару үшін, қазіргі заманның сұранысына жоғарғы дәрежеде жауап беретін бағдарламаны, жеке тұлғаны тәрбиелейтін технологияны табуы керек. Осыған байланысты біздің балабақшаның педагогтарының аса қызығушылығын туғызып отырған емін - еркін тәрбиелеу ұжымының практикалық тиімділігінің тамаша көрінісі болып табылатын М. Монтессори тәрбиелеу мен оқыту жүйесі болып отыр, бұнда басты назар бала болса, ал ересек адам – баланы жеке тұлға етіп тәрбилеуде кәсіби көмекші әрі бақылаушы есебінде болады. М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі көпшіліктің есебі бойынша әлемдегі ең үздік 10 педагогиканың бірі болса, көптеген мемлекеттерде ең таңдаулы педагогика болып есептеледі. М. Монтессори жүйесінің ең басты принципі: әрбір бала жеке жоспар бойынша арнайы дайындалған ортада жеке өз бетінше дамиды, жетіледі, ал негізгі ұраны: Мен өзім жасауыма көмектес . Ересек адамның атқаратын қызметі; әрбір балаға жеке даму жолын тауып беріп, олардың табиғи қабілеттерін ашу; М. Монтессоридің жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі: ересектер дамитын орта, дидактикалық құралдар.